Машина жасау факультеті
Ғылыми дәрежесі: техника ғылымдарының кандидаты
Ғылыми атағы: профессор
Лауазымы: «Металлургия, материалтану және нанотехнология» кафедрасының профессоры
Биография:
Исин Даулет Калыкович, 1942 жылы дүниеге келген, қазақ, 1966 жылы Қарағанды политехникалық институтын « Қара және түсті металдардың құю өндірісі» мамандығы бойынша аяқтаған, және ол инжинер-металлург мамандығын меңгерген.1967-1968 жж. Қарағанды жылытқыш жабдықтар зауытындағы қазандар цехының шебері болып жұмыс істеген; 1969-1970 жж –Қазақ ССР Ғылым Академиясының ХМИ аға инжинері, ғылыми кіші қызметкері. 1970-1974 жж. Бардин атындағы ҚМОҒЗИ (Мәскеу қ.) аспирантурасында оқыды. 1974 ж. техникалық ғылымдар кандидаты ғылым дәрежесін алу үшін 05.16.02. «Қара металдар металлургиясы» мамандығы бойынша «Интенсификация процесса спекания и пути улучшения качества агломерата» тақырыбына диссертация қорғады. Исин Д.К. техникалық ғылымдар кандидаты ғылым дәрежесінің иегері (8 желтоқсан 1974 жыл диплом МТН № 102019).
Ол ҚарМТУдағы жұмысын 1975 жылы аға оқытушы қызметінде бастады, ал 1976 жылы Құю өндірісінің технологиялары кафедрасының доценті қызметін атқарды. КСРО Министрлерінің кеңесінің қарауындағы ЖАК шешімімен 1979 жылдың 26 қыркүйегінен бастап оған Құю өндірісі және металдар технологиялары кафедрасының доценті атағы берілген (аттестат ДЦ № 031527). 09.07.2001 ж. (09.07.2001 ж. б. 302к) Исин Д. К.«Металлургия, материалтанужәне нанотехнология» кафедрасының профессоры қызметінде жұмыс істейді.
Исин Д.К.1982-1986 жылдар аралығында Францияда (Париж қ, Монпелье қ.) шет тілі дайындығын өтті жәнеАннабинск университетінде АНДР (Алжир) профессор қызметінде шетел студенттеріне техникалық пәндер бойынша француз тілінде дәріс берген.
Студенттерге және магистранттарға дәрістер оқиды, курстық және дипломдық жұмыстарды басқарады, студенттердің оқу және өндірістік тәжірибесін қадағалайды, «Металлургия» мамандығы бойынша магистерлік жұмыстардың ғылыми жетекшісі болып табылады.
Мемлекеттік тілде, орыс тілінде және француз тілінде басып шығарылған 247 туындының авторы:
- 25 кітап, ҚР БҒМ бұл кітаптарды жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттарына ұсынған;
- 2 кітап, ҚР БҒМ бұл кітаптарды колледж оқытушыларына және оқушыларына ұсынған;
- 63 оқу құралы;
- Томсон Рейтер компаниясының (ISI web of Knowledge, Thomson Reuters) ақпарат қорының мәліметі бойынша импакт-факторы нөлге тең емес халықаралық ғылыми журналдарда 8 мақала;
- Қазақстан Республикасының 13 инновациялық өнер табу патенті және авторлық құқық объекттеріне (ғылыми шығармалар) құқықығын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
Оның ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары – қара металлургияда темір-кен шикізатын даярлауды желтілдірудің нәтижелі әдістері және машина жасау материалдарының сапасын арттыру.
Исин Д.К. (1989 ж.) Еңбек ардагері атағын, 2002 жылы ҚарМТУ «Профессорының академиялық атағы», ХАА академигі (2006 ж.). Қазақстанның жоғары оқу орындарына оқулықтарды жасағаны үшін А. Байтұрсынов атындағы медалімен марапатталған. «Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы» грантының екі мәрте иегері. «Құрметті машина жасаушы» төсбелгісімен марапатталған (2013 ж.). Оқу басылымдарын сараптамасын жүргізетін эксперт комиссиясының мүшесі (РНПЦ «Учебник» ҚР БҒМ), ҚарМТУ Редакциялық-баспа кеңесінің мүшесі.
2014 ж. 11 сәуірінде ҚР БҒМ БҒСБК шешімімен Д.К. Исинға «Металлургия» мамандығы бойынша «ПРОФЕССОР» ғылыми атағы берілді.
Жұмыс телефоны: 8(7212) 565935 доб. 1024
Ішкі телефоны: 1024
Электрондық пошта адресі: