Жунусбекова Гулден Ермухановна

Zhunusbekova G E
image-1
Ғылыми дәрежесі (академиялық дәрежесі) техника ғылымдарының магистрі

Аға оқытушы

2002 жылдан бастап ГПҚКОБ кафедрасында жұмыс істейді.

2007 жылдан бастап аға оқытушы болып жұмыс істейді және «Жалпы және тарихи геология», «Общая и историческая геология», «Геоморфология және төрттік геология», «Минералды зерттеулердің зертханалық әдістері», «Геоэкология» пәндерінен қазақ және орыс тілдерінде дәрістер оқиды.

Таныстыру практикасына жауапты болдыі. Ол ғылыми-практикалық және халықаралық конференцияларға қатысу арқылы ғылыми жұмыстармен белсенді айналысты, сонымен қатар студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуын қадағалады.

2002 жылдан бастап куратор ретінде студенттердің тәрбие жұмысын жүргізеді.

2009 жылдан бастап кафедраның электрондық білім беру ресурстарына жауап береді.

2010 жылды кафедраның аға кураторы болды.

2011 жылдан бастап кафедрада мансаптық бағдарлауға жауапты. Кафедрада жұмыс істеген уақытында 10-нан астам ғылыми мақалалар мен тезистердің авторы, мемлекеттік тілдегі 1 оқулықтың, 3 әдістемелік нұсқаудың авторы. 2 нұсқаулықтың, 5 электронды оқулықтың, 4 слайд-дәрістердің бірлескен авторы, 6 біліктілікті көтеру сертификаты бар.

2019 жылы магистратураны бітіріп, оқу барысында «Спектроскопиялық әдістер», «Геологиялық ортаның табиғи жағдайын бағалау» атты 2 слайд-дәрістер және 2 мақаласы, біліктілікті арттырудың 2 куәлігі бар. Қазіргі уақытта магистратура бойынша жауап береді.

ГПР-19-1 тобының кураторы.