1988 жылы Қарағанды мемлекеттік университеті, экономика факультетінің “Қаржы және несие” мамандығын үздік бітіріп, “Экономист” біліктілігін алды.
Еңбек жолын Киров ауданының аудандық қаржы бөлімінде халық шаруашылығын қаржыландыру бөлімінің аға инспекторы болып бастады, кейін Қарағанды қаласы Киров ауданы бойынша салық инспекциясының ревизор-инспекторы лауазымына ауыстырылды.
1989 жылдың шілдесінде Қарағанды облысы бойынша қаржы басқармасына аудитор –инспектор лауазымында қызмет атқаруға шағырылды.
1990 жылы 12 маусымда Елімізде ҚР Салық инспекциясының құрылуына байланысты, Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік салық инспекторы лауазымына ауыстырылды.
1991 жылдың 18 қарашасынан 1996 жылдың 8 шілде аралығында -Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік салық инспекциясында аға салық инспекторы, бас салық инспекторы, кооперативтердің кірістеріне салық салу секторының меңгерушісі қызметтерін атқарды.
1998 жылдың маусымында мемлекеттік қызметшінің “12″ біліктілік сыныбы берілді.
1998 жылдың 3 маусымынан 2002 жылдың 18 шілде аралығында – Қарағанды облысы бойынша Салық полициясы департаментінің салық практикасы бөлімінің бастығы.
2002 жылдың шілдесінен 2007 жылдың тамызызына дейін – кәсіпорындардың бас бухгалтерлеріне арналған “UCAID” курсының “Салықтар және салық салу” пәніні оқытушысы қызметін атқарды.
2007 жылдың 1 қыркүйегінен 2022 жылдың шілде аралығында – “Болашақ” өзекті білім беру институтының, Қарағанды “Болашақ” университетінің, “Болашақ “Академиясының, “Bolashaq” академиясының “Қаржы” кафедрасының доценті. Осы қызметте келесі міндеттерді атқарды:
- магистратура бойынша эдвайзерлік жұмыс;
- кафедра оқытушыларының өзара сабаққа қатысуын бақылау;
- кафедра бойынша халықаралық ынтымақтастық мәселелері.
Соңғы 5 жылда , 87 мақала және 4 оқу құралы жарияланды, соның ішінде:
- Scopus-2 мақала:
1) Structure of the value chain on creation of the Internet – business: case of Kazakhstan 35th IBIMA Conference (1-2 April,, 2020)/ – Seville, Spain, 2020.(ISBN: 978-0-9998551-4-0) (а. л. Шевяковаменбірге) (Scopus баспасы) (//https://ibima.org/accepted-paper/structure-of-the-value-chain-on-creation -of-the-internet-business-case-of-kazakhstan;
2) Strategic Management of the Financial System in the Conditions jf Economy Globalization (MAKERS. Journal of Advanced Research in Law and Economics (scopus/c/ 774-782) (Березукв., ДарибековаА., МельникМ., ГордоваМ.)
ScopusбазасындағыХиршиндексі. -1.
- жақыншетелде- 40 мақала (Мәскеуқ. (Ресей)), (Кременчукқ. (Украина)), (Запорожьеқ. (Украина)).
2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ, «Кәсіпорын экономикасы мен менеджменті» кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарады.