1988 жылыҚарағандымемлекеттікуниверситеті,экономикафакультетінің “Қаржыжәненесие” мамандығынүздікбітіріп, “Экономист”біліктілігіналды.
1988 жылы Қарағанды қаласының, қалалық статистика бөлімінде экономист болып еңбек жолын бастаған.
1990-2005 жылдары ҚарМУ, “Қаржы” кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгеруші болып жұмыс атқарған.
2005 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың тамыз аралығында “Болашақ” өзекті білім беру институтының, Қарағанды “Болашақ” университетінің, “Болашақ” Академиясының, “Bolashaq”академиясының “Экономика және қаржы”, кейін “Қаржы” кафедрасының меңгеруші қызметін атқарды.
2000 жылы “Табыс салығы жүйесіндегі: даму мәселелері мен перспективалары” тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын қорғады.
2003 жылы Жоғары аттестациялық комитетінің (ЖАК) доценті -қауымдастырылған профессорғылыми атағын алды.
150 – ден астам ғылыми мақалалардың, монографиялар мен оқу-әдістемелік құралдарының, соның ішінде 4 монография, 7 оқу құралы, Scopus базасында – 3 мақала, ЖАК- 3 мақала, ККСОН- 3 мақала авторы.
Scopus базасындағы Хирш индексі- 1.
2002 жылдың шілдесінен 2007 жылдың тамыз аралығында – кәсіпорындардың бас бухгалтерлеріне арналған “UCAID” курсының “Салықтар және салық салу” пәніні оқытушысы қызметін атқарды.
10 жыл көлемінде Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің бакалавриат және магистратура бөлімдерінде Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының төрағасы, Қарағанды қаласының ЖОО студенттері мен магистранттарының дипломдық және магистрлік жұмыстарының рецензенті болды.
2019 жылы” Үздік педагог ” төс белгісімен марапатталған.
2022 жылдың 18-19 сәуірде Еуразия гуманитарлық институтын аккредиттеу бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде сыртқы аудит жүргізу жөніндегі халықаралық комиссияның сарапшысы ретінде қатысты
2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ, «Кәсіпорын экономикасы мен менеджменті» кафедрасының э.ғ.к., доцентінің қызметін атқарады.