Сәулет-құрылыс факультеті
Ғылыми дәрежесі: филология ғылымдар докторы
Ғылыми атағы: Профессор
Қызметі: Профессор
Биография
Қарағанды қаласында дүниеге келген. №4 орта мектебін бітіргеннен кейін, С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне түсіп, оны 1962 жылы бітірді. Мектепте орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі болып жұмыс істеді. 1968 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының орыс және шетел әдебиеті кафедрасының аспирантурасына түсті. Аспирантураны бітіргеннен кейін, Қарағанды педагогикалық институтының орыс тілі кафедрасына аға оқытушы болып қабылданды. 1974 жылы Донецк мемлекеттік университетінде кандидаттық диссертациясын қорғады. 1976 жылдан бастап орыс және шетел әдебиеті кафедрасының доценты, 1985 – 1995 және 2004 – 2007 жылдары кафедра меңгерушісі болып қызмет етті. 2001 жылы Томск мемлекеттік университетінде орыс әдебиетінен докторлық диссертациясын қорғады. 2007 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де докторлық диссертациясын қайта қорғады. 2005 жылдан бастап Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ профессоры, ал 2014 жылдан бастап ҚарМТУ ОТж-еМ кафедрасының профессоры болып қызмет етеді.
4 монография және 80 астам ғылыми-әдістемелік мақалалардың авторы.
3 кандидатты және 10 магистрантты дайындаған.
Орыс әдебиеті проблемаларын әрі қарай зерттеулер жүргізуде.
Жұмыс телефоны: 56-59-32
Ішкі телефон: 2046
Электрондық поштасы: t.savchenko39@mail.ru