Факультет Тау-кен
Кафедра «Геология и разведка месторождений полезных ископаемых»
Ғылыми (академиялық) дәрежесі 6D070600 «Геология және ПҚКОБ» PhD докторы
Лауазымы аға оқытушы
Амангелді Алтынай 2013 жылы Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетін “Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау”мамандығы бойынша үздік бітірді.
2015 жылы “Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау” мамандығы бойынша магистратураны үздік бітіріп, техника ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алды.
ҚарМТУ-да 2015 жылы ассистент лауазымында жұмыс істей бастады, қазіргі уақытта “Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау” кафедрасының аға оқытушысы лауазымында жұмыс істейді.
2017-2021 жылдар аралығында Қарағанды Техникалық Университетінде докторантурада оқып, “Орталық Қазақстанның бас көмір бассейндерінің көмірінде сирек жер металдарының таралуын зерттеу” тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғап, “Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау” мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері ғылыми-техникалық кеңестерде қаралды, сондай-ақ “ЦентрКазнедра” МД, “Geotek” ЖШС, “Tau-Ken Temir”ЖШС геологиялық барлау ұйымдарының тәжірибесіне енгізілді.
Ғылыми қызығушылық саласы көмір кен орындарының көміртекті және сазды қабаттарының минералдық-геохимиялық ерекшеліктерін зерттеумен, сондай-ақ сирек және сирек жер металдарының геохимиясын зерттеумен байланысты. Бүгінгі таңда А. Амангелдіқызы “Жас ғалым 2020-2022″, “Жас ғалым 2022-2024″ конкурсы бойынша гранттық қаржыландырудың екі ғылыми жобасына жауапты орындаушы ретінде қатысады, олардың тақырыбы Орталық Қазақстан көмірінің минералдық-геохимиялық ерекшеліктерін зерттеуге арналған.
Кафедрада жұмыс істеген уақытында 30-дан астам ғылыми мақалалар жариялады, оның ішінде Scopus, Clarivate Analytics базалары рецензиялаған журналдарда монографиялар мен басқа да ғылыми-әдістемелік еңбектердің авторы болып табылады.
Жыл сайын А. Амангелдіқызы КУ кәсіпорындарында, сондай-ақ университеттік бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтеді; семинар-тренингтерге қатысады. Сондай-ақ, Амангелдіқызы А., ғылыми жұмыстармен белсенді айналысады, ғылыми-практикалық және халықаралық конференцияларға қатысып, СҒЗЖ, СҒЗЖ-да студенттер мен магистранттардың қатысуын басқарады. ГПР-20-2 тобының кураторы. Кафедра мен факультеттің ғылыми және қоғамдық өміріне белсенді қатысады.
Рабочий телефон: 87212 567593
Адрес электронной почты: amangeldykyzy@inbox.ru