Квон Светлана Сергеевна

image001
image-1

Машина жасау факультеті

Ғылыми дәрежесі: техника ғылымдарының кандидаты

Ғылыми атағы: доцент

Лауазымы: «Металлургия, материалтану және нанотехнология» кафедрасының доценті

Биография:

Квон Светлана Сергеевна, 1960 ж. Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетінің «Металлургия, материалтану және нанотехнология» кафедрасының доценті, техникалық ғылым кандидаты, жоғары техникалық білім.

Квон СВ.С. 1983 ж. Мәскеудің болат және қоспалар институтында «Металлургиялық процесстерді физикалық-химиялық зерттеу» мамандығы бойынша білім алды, кейін Мәскеудің болат және қоспалар институтының 05.16.02. «Қара металдар металлургиясы» мамандығы бойынша аспирантурасында оқыды, 1988 жылы кандидаттік диссертациясын қорағады. 1989 жылдан бастап Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетінде жұмыс істейді, бастапқы қызметі  «Конструкциялық материалдар» кафедрасының көмекшісі,кейін осы кафедраның аға оқытушысы. 1996 жылдан бастап «Металлургия, материалтану және нанотехнология» кафедрасының доценті  («Машиналар, құю өндірісі және конструкциялық материалдар» кафедрасы).

Жұмыс барысында Квон Св.С. жақсы ұйдастырушы,  аса білікті маман ретінде көрсете білді, ғылыми-зерттеу және педагогикалық мәселелерді өздігінен шеше білді.

Квон Св.С. «Кристаллография және кристалдық құрылым ақаулары», «Металлургиялық жылу техникасы», «Арнайы болаттар мен түсті металдардың металтануы», «Жалпы металлургия», «Перспективті металл материалдар» және басқа пәндер бойынша дәрістер оқиды.

Сабақ өткізу кезінде Квон Св.С. ақпараттық-коммуникациялық құралдарды белсене қолданады: слайд- и видео-дәрістер, мультимедиялық презентациялар және т.б. Оқитын дәрістер бойынша ол тиісті оқу құралдарын, электронды оқулықтар – негізгі және интернет нұсқалары – және пәннің басқа әдістемелік құралдар жасалған.

Ол басқарған 9 магистрант «Металлургия»  және «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандықтары бойынша диссертацияларын қорғады, қазір ол 2 магистраннтың ғылыми жетекшісі.

Квон Св.С. жалпы қаржыландыру көлемі 20 млн. теңгеден асатын  3 ғылыми-зерттеу тақырыптардың орындаушысы болып табылады.

Ол «Халықаралық инженер-сварщик» (Франция дәнекерлеу институты, Total&Kazakstan, ҚарМТУ) Халықаралық білім жобасына қатысады; Лотарингия Университетімен халықаралық білім жобасы («Металлургия» мамандығының магистрантарына арналған); ИИДМБ-2 «Қара металдар металлургиясы» и «Металлургиядағы нанотехнологиялар» жаңа білім бағдарламаларын жасауға қатысады.

Доцент Квон Св.С. ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыты – материал бетінің қасиеті мен күйін жетілдірумен байланысты металлургия және материалтану саласындағы зерттеулер. Ол жасайтын ғылыми жұмыстар материалтанудағы қызуға берік материалдар және машина жасау болаты, кеуек ортадағы масса аудару үдерісі, полиметалл кендерін кешенді иегеру мәселелерін қамтиды.

Ол 100 астам ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысы, 1 монографиясы, ойлап шығарғын жаңалықтарға 2 патенті бар.

Ғылыми зерттеулердің нәтижелері импакт-факторы жоғары және рейтингісі жоғары журналдарда басылған: «METALLURGIJA” (Хорватия), «Фундаментальные исследования» (Ресей),  «Известия Вузов. Черная металлургия» (Ресей), «Известия НАН РК» (Қазақстан) «Труды Университета, КарГТУ» (Қазақстан), және халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конфереенцияларды жарияланды.

Квон Св.С. ғылыми және педагогикалық біліктілігін, Қазақстанмен қатар шет елдерде де шыңдайды. Ол  Лотарингия Университетінде (Франция), «Lidaviya» ҒЗО (Чехия), Шихэдзы университетінде (Китай),«Халықаралық инженер–дәнекерлеуші» бағдарламасы бойыншаФранция дәнекерлеу институтында және т.б. курстарға қатысқан.

Халықаралық ақпараттандыру академиясының корреспондент-мүшесі, «Мемлекеттік ұлттық ғылыми–техникалық сараптама орталығы»АҚ эксперті, ҚР БҒМ «Металлургия» мамандығы бойынша жұмыс тобының құрамында болған.

Квон Св.С. қоғамдық және тәрбиелік жұмысқа белсене қатысады. Ол «Металлургия» и «Материалтанужәнежаңа материалдар технологиясы» мамандық топтарының кураторы,«Материалтанужәнежаңа материалдар технологиясы» мамандығының эдвайзері, «Металлургия» и «Материалтанужәнежаңа материалдар технологиясы» мамандықтарының магистратурасына жауапты.

Квон Св.С. ҚарМТУ ректорының алғыс хаттары мен марапаттауларының иесі, 2013 жылы ҚР БҒМ «Қазақстан Республикасында ғылымды дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

 

Жұмыс телефоны: 8(7212) 565935 доб. 1024

Ішкі телефоны: 1024

 

Электрондық пошта адресі: svetlana.1311@mail.ru

 

Ғылыми еңбектер: