Нугужинов Жұмағұл Смағұлұлы

image-1

Нугужинов Жмағұл Смағұлұлы – Ғылыми-зерттеу, сараптамалық және жобалауіздестіру бағытындағы «Қазақстандық көпсалалы Қайта құру және Даму институтының»
(ҚазМИРР) директоры, сондай-ақ Абылқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Құрылыс материалдары және технологиясы» кафедрасының профессоры, техникалық ғылымдар докторы. Ол «Құрылыс механикасы» (05.23.01), «Ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс конструкциялары» (05.23.17) мамандықтары бойынша ғылыми
дәрежеге ие. Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының (ҚР ҰИА) академигі, Ресей сәулет және құрылыс ғылымдары академиясының (РААСН) академигі.

Ғылыми қызметі
Нугужинов Ж. С-тың ғылыми жетекшілігімен ғимараттар мен құрылыстардың
құрылыс конструкцияларының сенімділігі мен орнықтылығын кешенді ғылымитехникалық зерттеуге арналған 2000-нан астам ғылыми-зерттеу және сараптамалық жұмыстар орындалды. Бұл жұмыстар ірі өнеркәсіптік компаниялардың, салалық министрліктер мен әкімдіктердің тапсырысы бойынша жүргізілді, олардың қатарында:
«QARMET» АҚ (ArcelorMittal Теміртау), «Еуразиялық энергетикалық компания» АҚ,
«ТНК Казхром» АҚ, «Богатырь Аксес Комир» ЖШС, «Қазақмыс» корпорациясы,
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру» АҚ, «Соколов-Сарыбай тау-кен
өндіру бірлестігі» АҚ (ССГПО), «Қостанай өндірістік бірлестіктері» АҚ, «Жәйрем ГОК»
АҚ, «NOVA-ЦИНК» ЖШС, «KEGOC» АҚ, «Қазфосфат» ЖШС, «Жаңа Жамбыл фосфор
зауыты» (НДФЗ), Ақсу және Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС,
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің «Жезқазғанцветмет» өндірістік бірлестігі, «АстанаЭнергия» АҚ, «Алтыналмас» АҚ, «КАЗЦИНК» ЖШС және т.б.
Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландырудың ГПИР-2 бағдарламасы аясында
ол 3855/ГФ4 жобасы бойынша «Жергілікті техногендік қалдықтар негізінде
наноқұрылымды пеностеклокристалды жылу оқшаулағыш материалдарды алудың физикахимиялық негіздері» тақырыбындағы жұмыстарды сәтті аяқтады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім
министрлігінің тапсырысы бойынша гранттық қаржыландыру аясында Нугужинов Ж. Стың ғылыми жетекшілігімен жаңа өзекті бағыттағы АР26193561 жобасы – «Техникалық
тексерулердің көпөлшемді нәтижелерін ықтималдық талдау негізінде құрылыстардың
сенімділігін бағалау және қалдық ресурсын болжаудың кешенді әдісін әзірлеу» (шарт
№309, 23.09.2025 ж.) бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында азаматтық және өнеркәсіптік
мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды жаңа салу, қайта жаңғырту және қалпына
келтіру бойынша 1500-ден астам енгізілген тәжірибелік-конструкторлық және жұмыс
жобаларының жетекшісі болып табылады.

Оның тікелей қатысуымен Астана қаласындағы бірегей нысандарды салу барысында
күрделі ғылыми-техникалық мәселелер табысты шешілді. Олардың қатарында: «Хан
Шатыр», «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ әкімшілік ғимараты, 3500 орындық киноконцерт залы, 30 000 орындық «Астана Арена» жабық футбол стадионы, «Астана
Опера» мемлекеттік опера және балет театры, «Алау» мұз айдыны, Тәуелсіздік сарайы,
«Қазақ елі» монументі, «Бәйтерек», Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, «Думан»
ойын-сауық орталығы, «Mega Astana» СОО, «Нұрлы жол» жаңа теміржол вокзалы,
«Назарбаев Университеті» ғылыми-білім беру кешені, «Сити-Палас» СОО, «Бейбітшілік
пен келісім сарайы», «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің
павильондары, Abu Dhabi Plaza көпфункционалды кешені, «Астана қаласының жаңа көлік
жүйесі LRT» (әуежайдан теміржол вокзалына дейінгі учаске) және т.б.
Нугужинов Ж. С. ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі және инженерлік
қауіпсіздігі саласында ғылыми мектеп қалыптастырды. Ол зақымдалған конструкцияларды
есептеудің теориялық негіздері мен әдістерін, техникалық жағдайды бағалау әдістемесін,
құрылыс конструкцияларын күшейту мен қалпына келтірудің инновациялық тәсілдерін
әзірледі, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстарды есептеу, жобалау, тексеру, бағалау және техникалық қадағалау бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтіктехникалық құжаттар кешенін жасады.

Сәулет-құрылыс саласындағы нормалау жүйесін реформалау аясында оның
жетекшілігімен Еврокодтарға арналған есептеу және жобалау бойынша нормативтікәдістемелік құралдар әзірленіп, халықаралық стандарттармен үйлестірілген бірқатар Құрылыс нормалары (ҚН) мен Құрылыс ережелері (ҚЕ) енгізілді.
Зерттеу нәтижелері бойынша Нугужинов Ж. С-тың авторлығымен 1500-ден астам
ғылыми-зерттеу есептері дайындалып, 300-ден астам ғылыми және әдістемелік еңбектер,
соның ішінде 3 оқулық пен 4 монография жарық көрді. Ғылыми әзірлемелерге көптеген
авторлық куәліктер, патенттер және өндіріске енгізу актілері алынды.
Нугужинов Ж. С. ғимараттар мен құрылыстардың кешенді қауіпсіздігі жөніндегі
Қазақстан-Германия және Ресей қауымдастықтарының мүшесі, Оксфорд академиялық
одағының (Ұлыбритания) мүшесі, Ресейдің «Известия высших учебных заведений.
Строительство» ғылыми-теориялық журналының редакциялық алқасының мүшесі.
Ол Германия, Англия, Франция, Испания, Жапония, Оңтүстік Корея, Швейцария
және Ресейде өткен халықаралық ғылыми форумдар мен конференциялардың ғылыми
комитеттерінің мүшесі болды.

Педагогикалық қызметі 
Нугужинов Ж. С. техникалық мамандарды даярлау сапасын арттыруға елеулі үлес
қосты. Оның бастамасымен және тікелей қатысуымен «Құрылыс», «Қалалық құрылыс және
шаруашылық», «Құрылыстағы техникалық-құқықтық сараптама», «Көпірлер мен
тоннельдер», «Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы» мамандықтары бойынша инновациялық оқу-әдістемелік кешендер әзірленді.
ҚазМИРР институтының базасында дуальды оқыту жүйесі белсенді түрде енгізіліп,
студенттердің оқу, өндірістік және дипломалды тәжірибеден өтуі, нақты курстық және
дипломдық жобаларды орындауы, кәсіпорындардың тапсырысы бойынша ғылыми-зерттеу, сараптамалық және жобалау-іздестіру жұмыстарына қатысуы қамтамасыз етілді.

Нугужинов Ж. С-тың оқулықтары мен оқу құралдары ҚарТУ-да және Қазақстан мен
Ресейдің жетекші техникалық жоғары оқу орындарында кеңінен қолданылады. Олардың
қатарында: «Ғимараттар мен құрылыстарды тексеру және қайта құру», «Зақымдалған
темірбетон конструкцияларын есептеу теориясы», «Инженерлік механика және имараттар
теориясы», «Евронормалар бойынша темірбетон, тас және арматураланған тас
конструкцияларын жобалау негіздері», «Құрылыстар мен құрылыс конструкцияларын
есептеу теориясы» оқулықтары бар.
2008 жылдан бастап Нугужинов Ж. С-тың тікелей қатысуымен және төрағалығымен
Абылқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да «Құрылыс» және «Құрылыс материалдарын,
бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандықтары бойынша PhD
докторанттарын даярлау басталды. Оның бастамасымен ҚарТУ мен ҚазМИРР базасында
құрылыс ғылымы мен инновацияларына арналған екі ірі халықаралық ғылымипрактикалық конференция ұйымдастырылып, өткізілді.
2024 жылдан бастап Нугужинов Ж. С. Санкт-Петербургтегі Ұлы Петр атындағы
Политехникалық университетінде техникалық ғылымдар кандидаты және докторы ғылыми дәрежелерін алу үшін диссертация қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің төрағасы болып табылады.

Өндірістік қызметі
Өз қызметі барысында Нугужинов Ж. С-тың бастамасымен және тікелей
қатысуымен ҚарПТИ институтында ғылыми-зерттеу зертханасы, кейіннен «Ғимараттар
мен құрылыстарды кешенді тексеру және қайта құру» атты республикалық
ведомствоаралық проблемалық ғылыми-зерттеу зертханасы, «Ғимараттар мен
құрылыстар» кафедрасы, сондай-ақ «Қазақстандық көпсалалы Қайта құру және Даму
институты» (ҚазМИРР) құрылып, дамытылды.

Ол Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және
ТКШ істері комитетінің ғылыми-техникалық кеңесінің мүшесі, төтенше жағдайларды
тергеу жөніндегі бірқатар ведомствоаралық сараптамалық комиссиялардың, сондай-ақ
сәулет-қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік-құқықтық және
нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу жөніндегі жұмыс топтарының мүшесі.
Нугужинов Ж. С. – инженерлік ғылымды ұйымдастыруда мол тәжірибесі бар,
танымал ғалым-инженер.
Көпжылдық жемісті ғылыми, педагогикалық және өндірістік қызметі үшін ол
«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздігі мен астанасының 10, 20, 30 жылдығына арналған мерейтойлық медальдармен, Ресей Федерациясының «В. М. Ломоносовқа 300 жыл» медалімен, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Қазақстан Республикасының құрметті құрылысшысы» төсбелгілерімен марапатталған.