Талипов Қайрат Әділбекұлы

Талипов
image-1
Талипов Қайрат Әділбекұлы  1967 жылдың 25 мамырында  Жамбыл обылысы Луговой ауданында  Терең-өзек ауылында дүниеге келдім.

1974 жылы Жамбыл обылысы Луговой ауданында  Шолақ-қайынды бөлімшесінің Шолақ-Қайыңды бастауыш мектебіне 1-ші сыныпқа бардым.
1977 жылы Жамбыл обылысы Луговой ауданында  Қайынды ауылының Қайыңды орта білім беру  мектебіне 4-ші сыныпқа бардым.
1985 жылы Рязань қаласындағы екіжұлдызды рязанның жоғарғы әуе-десанттық командалық Ленин-комсомолы атындағы училишеге оқуға түстім.
1985 жылдың қазан айында Баку қаласындағы Баку жоғарғы жалпыәскери командалық  Жоғарғы  Азербайжан кеңесі атындағы училишеснің теңіз жаяу әскер факультетіне ауыстырылдым.
1988 жылдың ақпан –шілде айларында Қарабақ оқиғлары кезінде  әскери қақтығыста Суғайт ,Баку, Степонагерт қалаларында болдым. Осы жерде қолымнан ,аяғымнан жараланып қалдым.
1988 жылдың 15-ші тамызында  ден саулығыма байланысты Челябинск қаласының Челябинск жоғарғы танкалы командалық  50 жылдық Ұлы октябрь атындағы училищеге ауыстырылдым.
1989 жылы аталған училищені дөңгелекті, шынжыр табанды техникаларын қолдану инженер мамандығымен бітірдім.
1989 жылдың тамыз айында Абакан қаласында ә/б44418 ДШБ барлау взвдоының командирі болып тағайындалдым.
1989 жылдың казанның 15 Владивосток  қаласында ә/б01536  теңіз жаяу әскері тынық мұқиты флоты  барлау взвдоының командирі болып тағайындалдым.
1990 жылдың қарашаның 10 Ферғана қаласы ә/б 35512 парашютты-десатты ротасының командирі болып тағайындалдым.
1991 жылдың қырқүйектің 15 Үшқұдық қаласы ГРТ СРУ арнайы автомобильдерді жөндеу слесары.

1992 жылдың 10 ақпаны Үшқұдық қаласы ВВО СРУ қызыметті ұйымдастыру жетекшісі.
15.02.1993жылдың  19.05.1994 жылна дейін   Ташкент қаласы ІІМ ІӘ ә/б 7255штаб бастығы.
19.05.1994 жылдың  20.12.1995 жылына дейін Шымкент қаласы ІІМ ІӘ ә/б5554  арнайы жасақ командирі.
01.09.1996 жылдың 25.07.1997 жылына дейін Үшқұдық қаласы №2ОББМ  АӘД мұғалімі.
20.05.1999 жылдың тамыз 2001 жылына дейін Үшқұдық қаласы ГРТ СРУ Бұрғылау құрылғыларын жөндеу механигі.
01.09.1996 жылдың 25.07.1997 жылына дейін Жамбыл облысы Құлан ауылы №4МТМ  АӘД мұғалімі.

30.06.2008 жылдың 12.04.2011 жылына дейін Қарағанды қаласы ә/б 31775 танк ротасы командирі.

12.04.2011 жылдың 29.05.2012 жылына дейін Қарағанды қаласы ә/б 31775 ТБ штаб бастығы.

Әскер қатарынан әскери жастың өтуіне байланысты босатылдым.

01.09.2012 жылдың осы күнге дейін Қарағанды МТУ АӘД кафедрасында аға мұғалім.