Нұғман Бахредден Ғабдылбақиұлы

Нұғман Бахредден Ғабдылбақиұлы, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты.

1991 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің (Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ) тарих факультетін бітірді. 1991 ж. қыркүйек айынан 1995 ж. қараша айына дейін, сонымен қатар 2001-2005 жж. аралығында Қарағанды мемлекеттік медицина институтының (ҚарММИ) философия және мәдениеттану курсының кафедрасында оқытушы қызметі бойынша жұмыс атқарды. 2005-2008 жылдары Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасында аға оқытушы, ал 2008 жылдан бастап осы оқу орнында «Қазақстан тарихы» кафедрасында аға оқытушы жұмысын атқарып келеді.

1995-1998 ж. әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ арнаулы күндізгі аспирантурада 09.11.11 – «Әлеуметтік философия» мамандығы бойынша оқуын бітірді. 2010 жылы 24.00.01 – «Мәдениет теориясы және тарихы» мамандығы бойынша кандидаттық диссертацияны қорғады.

2004 жылы Алматы облысы Әкімшілігі және Талдырқорған қаласының «Жетісу» институтымен бірлесіп ұйымдастырылған «Ұлы Жібек жолы – Ата-Жұртқа саяхат» атты Халықаралық экспедиция жобасына қатысты. Экспедицияның қорытынды жұмысы бойынша: а) ҚР ҒҰА жанында 2004 жылы «Пресс-конференция» ұйымдастырылды; b) осы жоба бойынша деректі фильм дайындалды; с) осы жоба бойынша 2005 жылы Талдықорған қаласының «Жетісу» институтында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді; d) Мәдениет және ақпарат Министрлігі Ақпарат және мұрағаттар комитетінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін шығару» бағдарламасы аясында 2012 жылы «Летопись Жетысу» атты монография шығарылды; e) Нұғман Б.Ғ. сондай-ақ, 2014 жылдың 6 тамызында Талдықорған қаласында «Встреча участников международной экспедиции «Ұлы Жібек жолы – Ата-жұртқа саяхат» десять лет спустя» атты «Дөңгелек үстел» ұйымдастырды, оны «Жетысу», «24kz» және «Қазақтан» телеарналары бойынша көрсетілді.

Б.Ғ. Нұғман оқу пәні ретінде кәсіби емес оқу орындарында оқытылатын студенттерге арналған «Көшпелі өркениет тарихындағы Қазақстан» атты авторлық элективті курсты әзірлеп, оны 2007 жылы ҚарМТУ-дің ОӘК шешімі бойынша (№2 хаттама 28.11.2007) бекітті.

Б.Ғ. Нұғман Қазақстан Республикасы Президентінің тұлғасы өнегесінде патриоттық тәрбие беруге арналған еңбектерінің, сонымен қатар, бірнеше ғылыми еңбек авторы және бірлескен автор (монографиялар, оқу құралдары, ғылыми жариялаулар, ғылыми баяндама тезистері) қатарында.

Ғылыми – педагогикалық және тәрбие жұмыстары үшін Б.Ғ. Нұғман Талдықорған «Жетісу» институтының Ректоры (2006), Қарағанды Медицина колледжі Директоры (2007), Қарағанды Коммерциялық колледжі Директоры (2007), ҚарМТУ Ректорлары (2007, 2012), Қарағанды облысының Діни Істер Департаменті (2011), ҚарМТУ Тәрбие беру жұмысының Проректоры (2012) аттарынан Алғыс хаттарымен марапатталған.

Список трудов