Макашева Астра Мундуковна

image001
image-1

Машина жасау факультеті

Ғылыми дәрежесі: техника ғылымдарының докторы

Ғылыми атағы: доцент

Лауазымы: «Металлургия, материалтану және нанотехнологиялар» кафедрасының доценті

Биография:

Макашева (Турдукожаева) Астра Мундуковна – Ж. Әбішев ат.  Химия-металлургиялық институтының бас ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының докторы, профессор, ақпараттандырудың Халықаралық академиясыныңакадемигі,2005 жыл үшін ғылым, техника және білім беру саласында Қазақстан Республикасының Мемлекетік сыйлықлауреаты, Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Қоры сыйлығының  лауреаты– 2011 ж. үшін ғылым мен техника саласында ұлт лидері.

1998 ж. Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды мемлекеттік  университетін «Химия оқытушысы» мамандығы бойынша аяқтады және осы жылы Химия-металлургиялық институтының аспирантурасына түсті.Уақытынан бұрын 2001 ж. «Физикалық химия» мамандығы бойынша химия ғылымдарының кандидаты дәрежесіне диссертация қорғады.

2001 жылдан 2002 жылға дейін Ж. Әбішев ат.  Химия-металлургиялық институтының энтропия –ақпараттық талдау зертханасының  аға ғылыми қызметкері болып жұмыс атқарды. 2002 жылдан 2006 жылға дейін аталған институттың жетекші ғылыми жетекшісі болды. 2006 ж. Химия-металлургиялық институтының докторантурасына түсті.

2009ж. «Металлургиялық процестер теориясы» мамандығы бойынша техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алды және осы жылы  «Металлургия» мамандығы бойынша ғылыми атағын иеленді.

2009 жылдан қазіргі уақытта – Ж. Әбішев ат.  Химия-металлургиялық институтының аға ғылыми қызметкері.

2002-2004, 2004-2006, 2006-2008, 2008-2010 және 2010-2012 жж. ҚР талантты жас ғалымдар арналған Мемлекеттік ғылыми стипендиаты болды.

2001 жылдан 2011 жж. аралығында Ж. Әбішев ат.  ХМИ жас ғалымдар мен мамандар Кеңесінің төрайымы болды.

2007 жылдан қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Қорының жас ғалымдар Кеңесінің мүшесі болып табылды.

2010-2011 жж. ҚР БҒМ ғылым Комитетінің  кандидаттық және  докторлық  дәрежесін тағайындау жөнінде сараптама кеңесінің мүшесі болып табылды.

А.М. Макашеваның ғылыми жетекшілігімен 3 кандидаттық диссертация, бір магистерлік диссертация қорғалды, қазіргі уақытта екі  магистерлік диссертацияға жетекшілік етуде.

Барлық кезең ішінде 280 жоғары ғылыми еңбектер, оның ішінде 8 монография, қалғандары шетел және отандық рецензияланатын журналдарда жарияланған.

Ж. Әбішев ат.  Химия-металлургиялық институтының Ғылыми Кеңесі құрамында.

 

Жұмыс телефон: 8(7212) 565935 доб. 1024

Ішкі телефон: 1024

Электронды почтамекен -жайы: