Омарова Айдана Ержанқызы
Машина жасау факультеті
Ғылыми дәрежесі: Техникалық ғылымдар магистрі
Ғылыми атағы:оқытушы
Лауазымы: «Нанотехнологиялар және металлургия» кафедрасының оқытушысы
Өмірбаяны:
Омарова Айдана Ержанқызы 1989 жылы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасы Қарағанды облысында дүниеге келді, қазақ, білімі жоғары, 2010 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін “Машина жасау”мамандығы бойынша үздік бітірді. Металлургия, нанотехнология және материалтану саласының маманы.
2013-2015 жылдар аралығында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде “Металлургия” мамандығы бойынша магистратурада оқып, оны үздік бітірді.
2010 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде, институтта әдіскер, сол жылы маусым айында “дәнекерлеу және құю өндірісі” кафедрасында аға зертханашы лауазымына ауысты, сондай-ақ 2012 жылы ҚарМТУ жанындағы технологиялық колледжде сабақ берді.
2012 жылы сәуір айында ҚарМТУ ҚР Тұңғыш Президенті атындағы ЭОТ ҒЗИ-да курстан өтті
2013 жылы “Металлургия”мамандығы бойынша магистратураға түсті. 2014 жылы 19 сәуір мен 4 мамыр аралығында Харбин политехникалық университетінде (Қытай, Харбин қ.) магистрлік тақырыбы бойынша тағылымдамадан өтті және 4 мақала жариялады.
2015 жылы 15 маусымда ” Шахталық оқпандарды арматуралау элементтерін беріктендіру технологиясын әзірлеу”тақырыбында магистрлік диссертациясын сәтті қорғады.
2015 жылдың 3 тамызынан бастап НТМ кафедрасына ассистент қызметіне жұмысқа қабылданды, МТ-15-2-15-1с тобының кураторы болып табылады. 2017 жылдан бастап НТМ кафедрасының оқытушысы лауазымына сайланды және қазіргі уақытта МВ-21-1 тобының кураторы.
Омарова А.Е. 20-дан астам ғылыми-әдістемелік еңбегі бар, оның ішінде 4 оқу құралы, “Metallurgija” (Хорватия) журналында импакт факторы бар 4 мақала TompsonReauters 0,77 жарияланды.
Жұмыс телефоны: 8(7212) 565935 доб. 1024
Ішкі телефоны: 1024
Электрондық пошта адресі: aidana_kartu@mail.ru
Ғылыми еңбектері:
1. Қара металдар өндірісінің теориясы мен технологиясы
2. Металлургиялық процестердегі масса және жылу алмасу теориясы