Кошебаева Гаухар Капеновна

Кошебаева ГDSC_3578
image-1
Инженерлік экономика және менеджмент факультеті

Ғылыми деңгей: экономика ғылымының докторы

Ғылыми деңгей: доцент

Лауазым: профессор

Биография:

Кошебаева  Гаухар Капеновна

 

ҚарМТУ Экономика және менеджмент факультетінің Кәсіпорын менеджменті кафедрасының профессоры. Экономика ғылымдарының докторы.

1954ж. Қарағандыда дүниеге келді. 1971ж. ҚарПТИ механико-технологиялық факультетінің  “Машинажасау өнеркәсібін ұйымдастыру және экономика” мамандығына оқуға түсті. 1976ж. оқуды үздік тәмамдап, Қарағанды тау-шахталық жабдықтарды шығаратын өнеркәсіп қоғамы «Каргормаш» жұмысқа бағытталды, онда АСУП  бөлімінде инженер-технолог жұмыс атқарды.

1980ж. ҚарПТИ аға инженер лауазымына ауысты, одан кейін ғылыми қызметкер болды. 1983ж. ҚарПТИ ЭОМ кафедра ассистенті болды. 1985ж. Орджоникидзе (МИУ) атындағы Мәскеу басқару институты “Машинажасау өнеркәсібін ұйымдастыру” кафедрасында тәжірибе жинаушы-зерттеуші ретінде бағытталды. 1986ж.  Кошебаева Г.К. Орджоникидзе (МИУ) атындағы  аспирантураға түседі. Аспирантура мен кандидаттық диссертацияны үздік қорғағаннан кейін ҚарМТУ-ға “Экономикалық теория” кафедрасына оқытушы, аға оқытушы ретінде қызмет атқарды, 1993ж. доцент ретінде қызмет етті. 1991ж. Қарағанды облысының облисполком бағытымен сыртқыэкономикалық байланыстар облысында Мәскеуде Жалпыкеңестік сыртқы сауда Академиясында қайта дайындықтан өтті.

2007ж. Т.Рыскулов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінің Экономика кафедрасында ізденуші болып тіркелді. 2010ж. қарашада докторлық диссертацияны үздік қорғады.  Кошебаева Г.К. ғылыми зерттеулері өнеркәсіптік-өндірістік кешендердің дамуы, өнеркәсіптік өндірістің аумақтық жоспарлануы, экологиялық және технологиялық қауіпсіздігі, білімнің өзекті мәселелерін зерттейді.

Қазіргі кезде ҚарМТУ Кәсіпорын менеджменті кафедрасында профессор қызметін атқарды, ҚР БҒМ (РУМС) Республикалық оқу-әдістемелік секциясының мүшесі болды. Кошебаева Г.К: ұзақ мерімде факультеттің оқу-әдістемелік бюросын басқарды, университеттің ОӘК мен РИС мүшесі болып табылады. Профессор Кошебаева Профессор Кошебаева Г.К. – 70-тен астам ғылыми еңбектің, ғылыми және педагогикалық жұмыстардың авторы ҚР Білім министрінің Құрмет мадақтамасымен, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен белгіленген.

Жұмыс телефон: 56-75-94

Ішкі телефон: 2036

Электрондық пошта мекен-жайы:  gauhark@bk.ru

Ғылыми жұмыстар

Основы экономической теории

Конкурентоспособность региона: сущность, методы оценки, современное состояние

Анализ и перспективы развития регионального рынка труда на примере Карагандинской области области области области

Организационно-экономический механизм управления собственностью промышленно-производственных комплексов как фактор обеспечения конкурентоспособности

Механизм повышения конкурентоспособности промышленно-производственных комплексов: методология формирования и направления реализации (на примере Карагандинской области Казахстана)

Исторические предпосылки теории кластеров