Хасен Мұрат Әбдірахманұлы

Жол-көлік факультеті

Қызметі: Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы

1985 жылы Е. А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «филолог- оқытушы» мамандығы бойынша бітірді.1989 жылдан ҚарТУ –да қазақ тілі және мәдениеті кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, 1993-1996 ж. кафедра меңгерушісі, 2008 – 2009 оқу жылында Ш.Құдайбердіұлы атындағы «Тілдердің үштұғырлығы» орталығының жетекшісі қызметтерін атқарды.

40-тан астам баспа ғылыми еңбектерінің авторы, оның ішінде 1 монография, 4 авторлық құқық объектісіне құқықты мемлекеттік тіркеу куәлігі. 4 оқу құралы, 3 электрондық оқулығы, 7 әдістемелік нұсқауы жарыққа шыққан

ҚарТУ – Құрмет грамотасы, Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының, Қарағанды облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының алғыс хаттарымен, Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

 

Электронды пошта: mkhasen@list.ru