Хамзина Қарлығаш Мәуенқызы

DSC_3773
image-1
Жол-көлік факультеті

Қызметі: Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының доценті

Қарағанды облысы, Шет ауданында дүниеге келді.
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент.
Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша аяқтаған.
2001 жылдан бастап Қарағанды техникалық университетінің «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасында қызмет етіп келе жатыр.
2004 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-да кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комитетінің шешімімен филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. Кандидаттық диссертацияның тақырыбы «Қазақ повестеріндегі көркем уақыт және кеңістік».
2007 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің шешімімен доценті ғылыми атағы берілді.
2005-2008 жж. аралығында «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.
60-тан астам ғылыми мақаланың, 1 монографияның, 1 авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу куәлігінің, 6 әдістемелік нұсқаудың, электронды оқулықтардың және слайд-дәрістердің авторы.
Жұмыс қорытындысы бойынша университет ректорының және ҚР Білім және ғылым министрлігінің тарапынан алғыс хаттарымен бірнеше мәрте марапатталды.
Қазіргі таңда Қарағанды техникалық университетінің «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының доценті қызметін атқаруда.

Жұмыс телефоны 56-59-32

Ішкі телефон 2049

Электронды  почта адресі Jako199473@mail.ru

Ұялы телефоны  87474177273
Ғылыми-әдістемелік еңбектер

Студенке арналған пән бойынша оқыту бағдарламасы

Студенке арналған пән бойынша оқыту бағдарламасы - геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау мамандығының студенттері үшің

Студенке арналған пән бойынша оқыту бағдарламасы -биотехнология мамандығының студенттері үшің