Қызметі: Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының доценті
Қарағанды облысы, Шет ауданында дүниеге келді.
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент.
Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша аяқтаған.
2001 жылдан бастап Қарағанды техникалық университетінің «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасында қызмет етіп келе жатыр.
2004 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-да кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комитетінің шешімімен филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.
2007 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің шешімімен доценті ғылыми атағы берілді.
2005-2008 жж. аралығында «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.
2024-2025 жж. аралығында «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының меңгерушісінің міндетін атқарды.
2019 жылы Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының ұйымдастыруымен өткен «Үздік ұстаз» республикалық байқауының жеңімпазы.
2021 жылы Қазақстан халқының Тілдері күніне мерекесіне орай тілді дамытуға үлес қосқан тұлғаларды қолдау мақсатында Облыс әкімінің жыл сайынғы «Тіл жанашыры» сыйлығының «Үздік оқытушы» номинациясы жеңімпазы.
2023 жылы Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректорының «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен университеттің дамуына қосқан үлесі үшін марапатталды.
2023 жылы тіл саласын дамытудағы белсенді еңбегі үшін ҚР ҒЖБМ «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
2023 жылы Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды.
2024 жылы ҚР ҒЖБМ Тіл саясаты комитетінің мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру барысындағы зор еңбегі мен жоғары жетістіктері үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.
120-дан астам ғылыми мақаланың (оның ішінде Scopus базасында индекстелетін журналдарда 3 ғылыми мақала), 4 монографияның, 10 авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу куәлігінің, 15 оқу құралының, электронды оқулықтардың және слайд-дәрістердің авторы. Қ.М. Хамзинаның жетекшілігімен университет студенттері бірнеше рет университеттік, облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпазы атанған.
Жұмыс қорытындысы бойынша университет ректорының және ҚР Білім және ғылым министрлігінің тарапынан алғыс хаттарымен бірнеше мәрте марапатталды.
Қазіргі таңда Қарағанды техникалық университетінің «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының доценті қызметін атқаруда.
Жұмыс телефоны 56-59-32 (ішкі телефон 2049)
Электронды почта адресі jako199473@mail.ru