Тегі, аты, әкесінің аты: Ганюков Александр Анатольевич
Лауазымы, жұмыс, қызмет орны: «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ «Механика» кафедрасы доцентінің міндетін атқарушы.
Туған жылы мен туған жері: 1981 ж., Қарағанды қ.
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: PhD, –
Жалпы жұмыс өтілі: 20 жыл
2002-2004 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіннің «Механика» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген.
2004 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің теориялық механика кафедрасына оқытушы болып қабылданды.
2004-2006 жылдары ҚарМТУ күндізгі аспирантурасында «Құрылыс механикасы» мамандығы бойынша оқыды. 2006 жылдан 2008 жылға дейін механика кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді. 2008 жылдың 1 қыркүйегінен 2016 жылдың 1 қыркүйегіне дейін – механика кафедрасының аға оқытушысы.
2016-2019 жж. ҚарМТУ-да «Көлік, көліктік техника және технология» мамандығы бойынша докторантурада оқыды. Докторантураны аяқтап диссертацияны қорғағаннан кейін (2019 ж.) «Көлік, көліктік техника және технология» мамандығы бойынша PhD (2020 ж.) дәрежесі берілді. Қазіргі уақытта – Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің механика кафедрасы доцентінің м.а. болып қызмет істейді.
А.А. Ганюковтың ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстары 150-ден астам жарияланым, оның ішінде 20 патент пен авторлық куәлікті қамтиды. Ғылыми-педагогикалық қызметінің соңғы бес жылында (2019-2024 жж.) 70 баспа еңбегі жарияланды: 40 ғылыми мақала, оның ішінде 12 Scopus базасында индекстелетін рейтингтік журналдарда; халықаралық конференциялардағы баяндамалардың 12 тезисі; 2 ғылыми монография; 2 патент және 10 зияткерлік меншік объектісі алынды; 1 оқулық және 3 оқу құралы шығарылды. Индекс Хирша Scopus базасында 7, Web of Science базасында 2 құрайды.
А.А. Ганюковтың ғылыми бағыттары: математикалық модельдеу; көлік техникасының динамикасы, ұтқыр жол өткелдерін әзірлеу және есептеу; қатты деформацияланатын дененің механикасы, механиканың сандық әдістері, құрылыс механикасы; көлік техникасының пайдаланылған газдарын ультрадыбыстық және электр импульстік тазарту.
Т.Ф.Горбачев атындағы Кузбасс мемлекеттік техникалық университетінің жанындағы Корпоративтік оқыту институтында (2018 ж.), ТОП-500 кіретін Томск политехникалық ұлттық зерттеу университетінде (2022 ж.) тағылымдамадан өтті; ТОП-100 кіретін Пенсильвания университетінде біліктілікті арттыру курстары (АҚШ, Филадельфия қ., 2022 ж.); «Коунрад мыс компаниясы» ЖШС (2023 ж.) және «Градиент Проект» ЖШС (2023 ж.) кәсіпорындарында бірқатар өндірістік тағылымдамалар мен біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Қазіргі уақытта доценттің м.а. А.А.Ганюков ҚР ДСМ Ғылым комитетімен № AP23487832 «Ұтқыр жол өтпесін әзірлеу және есептеу» тақырыбы бойынша жасалған 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру жобасының ғылыми жетекшісі болып табылады (№ 258/ГФ24-26 шарт) 09.09.2024ж.).
А.А. Ганюков ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі – «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы 2022» атағының иегері болып табылады.