Author Archives: murath1962

Қалыбекова Қаламқас Сағындыққызы

Жол-көлік факультеті

Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасы

Ғылыми дәрежесі: филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Қызметі: Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының меңгерушісі

 

 

Біліктілігі: 1994 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша бітірді. Біліктілігі филолог, оқытушы.

2001 жылы жоғарыда аталған университеттің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша аспирантураның күндізгі бөлімін бітірді.

2007 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің диссертациялық кеңесінде «1960 жылдардағы қазақ әдеби сыны» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.

2011 жылы «Әдебиеттану» мамандығы бойынша Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінен «Доцент» ғылыми атағы берілді.

2011 жылдан бастап Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі.

Еңбек жолы:

1994-2008 жылдар аралығында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасының аға оқытушысы.

2008 жылдан бастап, Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

Ғылыми еңбектері: Республикалық ғылыми басылымдарда (ҒЖБССҚК ұсынған), халықаралық ғылыми журналдарда (Web of Science, Scopus) көптеген мақаласы жарық көрді, бірнеше оқу-әдістемелік кешеннің, 2 оқу құралының авторы.

Тағылымдамалар: 2011 жылы Түркияның Анкара, Стамбұл және 2013 жылы ҚХР Санжы қалаларында тағылымдамадан өтті.

2023 жылы «Болашақ» Халықаралық стипендиясының иегері атанып, «500 ғалым» бағыты бойынша Түркия елінің Кастамону университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

Марапаттары:

2013 ж. «Көп жылғы еңбегі және білім беру жүйесін дамыту мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі мен тәрбиелеу ісіндегі жеткен жетістіктері үшін» Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы;

«2014 жылдың жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері;

2018 ж. «Облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны, жаңа қазақстандық қоғам құру ісіндегі жеке еңбек және шығармашылық үлестері үшін» Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасы;

2020 ж. «Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінде жас мамандарды даярлауға қосқан үлесі үшін» Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Алғыс хаты;

2023 жылы «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісі.

Әбілқасов Ғабиден Мәжитұлы

gaua-267x300Әбілқасов Ғабиден Мәжитұлы – педагогика ғылымдарының магистрі,аға оқытушы. 

1994 жылы академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ филологиялық факультетін «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша бітірді.  1995 жылдан бастап ҚарТУ-дың қазақ тілі және әдебиеті кафедрасында оқытушы қызметін атқарады. 40 астам ғылыми мақала мен оқу-әдістемелік жұмыстардың авторы.

 

Жұмыс телефоны: 56-69-32

Ішкі нөмір: 1123

Ғылыми еңбектер

Деңгейлік тапсырмалар арқылы тіл уйренушілердің ауызекі сөйлеу тілін дамыту

Электроный учебник на тему: Международный менеджмент

КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ 5B060200 – Информатика мамандығының студенттеріне арналған

 

Амангельдина Мереке Сарсенбекқызы

IMG-11-10-16-0242
Жол-көлік факультеті

«Филология» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдарының магистрі

Қызметі: «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының оқытушысы

2014 жылы «Филология» мамандығы бойынша Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін үздік бітірген. 2016 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Филология» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген. Біліктілігі: «Филология» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдарының магистрі.
Жұмыс телефоны: 56-59-32
Ішкі байланыс телефоны: 1123
Электрондық пошта адресі:mereke_amangeldina @mail.ru

Ғылыми еңбектері

Бұқар жырау шығармашылығы

Алаш қозғалысы

Әубәкіров Нұрлыбек Маманұлы

филология ғылымдарының кандидаты, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің профессоры.

1976-1986 жж. Көкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданына қарасты Кеңащы орта мектебінде білім алды. 1986 жылдың қыркүйегінен 1987 жылдың қараша айына дейін жоғарыда аталған мектептің шаруашылық жөнінде меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1987-1989 жж. Совет әскері қатарында болды. 1995 ж. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институты «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша,  2001 жылы «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша «Болашақ» Қарағанды актуалды білім беру институтын тәмамдады. 1996–2003 жылдары Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті және «Лингва» тіл және аударма институтының әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы болып қызмет істеді. 2003 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасына аға оқытушылыққа қабылданды. 2008 жылдың 24 желтоқсанында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін даярланған кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шықты. 2009-2024 жылдары ҚарМТУ Ш. Құдайбердіұлы атындағы «Тілдердің үштұғырлығы» орталығының директоры сонымен қоса 2014-2020 жылдары ҚарМТУ қызметкерлері мен оқытушыларының кәсіподақ ұйымының төрағасы қызметтерін қатар атқарды.

Халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық конференция жинақтарында 50-ден астам ғылыми мақала шығарған, оның ішінде Scopus дерекқорына кіретін журналда 2 мақала, авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы 3 куәлік, 3 монография, 4 оқу құралы және 6 естелік кітаптың авторы.

«ҚР ЖОО-ның 2018 жылдың үздік оқытушысы» атағының иегері, Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ахмет Байтұрсынұлы» төс белгілерімен, Қарағанды облысы әкімінің, Қарағанды облысы тілдерді дамыту басқармасының және Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ректорының «Құрмет грамоталарымен» марапатталды

Байпелова Гульмира Сагинтаевна

 

 

Байпелова Гульмира Сагинтаевна 1992 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша бітірді. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде 1992 жылдан бастап Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасында аға оқытушы болып қызмет етеді.

Бірнеше ғылыми мақалалар жариялады, оқу құралдарының, электронды оқулықтардың, әдістемелік нұсқаулықтардың, монографияның, жаппай ашық онлайн курстарының авторы. Үш авторлық құқықпен қорғалатын оъектілерге құқықтардың мемлекеттік тізімге мәліметтерді енгізу туралы куәлігі бар.

Бірнеше рет мақтау грамотасы мен алғыс хаттармен марапатталған.

Жұмыс телефоны: 56-59-32

Ішкі телефоны: 1123

Электрондық поштасы: g.baypelova@ktu.edu.kz

Байпелова Гүлмира Сағынтайқызының оқу-әдістемелік жұмыстары, ғылыми жұмыстары мен электрондық оқу құралдарының тізімі

Теориялық мәтіндер

 Электронный учебник

Нестандартный подход в изучении государственного языка по средствам использования новейших технологий

Жетпісбай Шолпан Аханқызы

ZHetpisbaj-SHolpan-Ahanovna-foto

Жетпісбай Шолпан Аханқызы  – педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы 

1984 жылы Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-інің  «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын бітірді.

1989 жылдан бастап ҚарТУ-да жұмыс істейді.

2015 жылы Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-інің  «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша магистратураны бітірді.

Көп жылдар бойы «Жол-көлік факультеті» деканының орынбасары қызметін атқарды.

Қазіргі уақытта «Серпін-2050» оқу орталығының жетекшісі.

4 оқулық, 16 оқу-әдістемелік құралын, 4 электронды кітап, 12 электронды оқыту құралын, 20 артық ғылыми мақаласы жарияланды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен және алғыс хаттармен, сонымен қатар университетіміздің 60 жылдығына орай «Ерен еңбегі үшін» төс белгісімен, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» – «Серпін» және ректораттың алғыс хаттарымен марапаталған.

Жұмыс телефоны: 56 51 89

Ішкі телефон: 2030

Электронды  почта адресі sh.zhetpisbay@ktu.edu.kz

Қазақ тілі сабағында модельдеу арқылы тіл дамыту жұмыстарын жургізу технологиясы

Студентке арналған пән бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)

Студентке арналған пән бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)

Күлейменова Ләйла Мәдениетқызы

Жол-көлік факультеті

 Ғылыми дәрежесі: педагогика ғылымдарының магистрі

 Қызыметі: қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы   

2001 жылы Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің,  қазақ тілі және   әдебиеті мамандығы бойынша бітірді. 2005 жылдан ҚарМТУ-дың қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарады. 2013 жылы 6М011700  «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша магистратураны бітіріп, қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтар жүргізеді.

2 skopus, 8 ғылыми мақала, 30 тезис баяндама, 8 авторлық құқықпен қорғалатын объектіге айрықша мүліктік құқықтар,   2 әдістемелік нұсқау, 13 оқу құралы, 5 электронды оқу құралы, 2 видеолекция, 5 слайд-лекция, 1 МООК авторы.

ҚарТУ-дың құрмет грамотасымен, алғыс хатымен, Қарағанды облыстық тілдерді дамыту бойынша Басқарманың алғыс хатымен марапатталған.

 

Жұмыс телефоны: 56-59-32

Ішкі байланыс телефоны: 1123

Электрондық пошта адресі:l.kuleimenova@ktu.edu.kz

Ғылыми еңбектері

Нұржанова Қарлығаш Қанағатовна

Жол-көлік факультеті

 Ғылыми дәрежесі: педагогика ғылымдарының магистрі

 Қызыметі: қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы   

2007 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекетік университетін «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша бітірді. 2012 жылы «МГТИ-Лингва» Орталық Қазақстан университетінің «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша магистратурасын бітірді. «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі.

2007 жылдан бастап қазақ тілі және мәдениет кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істейді. «Қазақ тілі», «Кәсіби қазақ тілі» семинар сабақтарын жүргізеді.

Жарияланған 70-тан астам еңбектің, оның ішінде 6 монография авторларының бірі(қазақ тілінде – 4, ағылшын тілінде -1, орыс тілінде -1), 16 оқу құралының, 10 электрондық оқулықтың, 2 оқу-әдістемелік құралдың авторы. Авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – 15.

Қарағанды облысы бойынша тілдерді дамыту басқармасының алғыс хаты, Құрмет грамотасы, Алғыс хаты бар.

2024 жылы жоғары білім қызметкерлерінің жаңа кәсіби мерекесіне орай тіл саясаты саласын дамытуға, қазақ тілін қолдану аясын кеңейтуге қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің «Тіл жанашыры» құрметті дипломымен марапатталды.

2024 ж. Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығы ұйымдастырған «Мемлекеттік тілді оқыту үдерісі және сандық технология» тақырыбында облыстық семинардың өтуіне үлес қосқаны үшін алғыс хатпен, сертификатпен марапатталды.

Біліктілікті көтері курстары:

2018 жылы «Жаңа қазақ әліпбиі және графика мәселелері» атты реупсбликалық семинарға қатысып, сертификат (18 сағат) алды.

2019 жылы «Филолог емес мамандарға әдебиет пен мәдениетті оқу не береді» семинарына қатысты (72 сағат).

2021 жылы «Педагогикалық шеберлікті жетілдіру» біліктілікті арттыру курсына қатысты (40 сағат).

2023 жылы «Қазақ тілін (Т2) креативті оқыту» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсын өтті (72 сағат).

2023 жылы (ЖОО оқытушысының ғылыми-педагогикалық қызметіндегі пәнаралық ынтымақтастық» 36 сағаттық біліктілігін арттыру курсын өтті.

2023 жылы «Академин Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ «Тіл мәдениеті мәселелері және қазақ тілін оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері» біліктілікті арттыру курсын өтті (72 сағат).

2024 жылы «Қарағанды облысында мемлекеттік-конфессиялық саясат, конфессиялық келісімді және діни экстремизмнің алдын алуды қатмасаыз ету мәселелері» бойынша оқыту семинарына қатысып, сертификат алды.

2024 жылы «Студенттік ортадағы этносаралық келеңсіздіктердің алдын алу» тақырыбына біліктілікті арттыру курсын өтті (72 сағат).

2024 жылы ҚР ҒЖЖБМ Тіл саясаты комитеті «Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл қазына» ҰҒПО КЕАҚ ұйымдастырған «Қазақ тілін технологиялар арқылы оқыту мәселелері: теориядан тәжірибеге дейін» республикалық семинарға қатысып, сертификат алды.

2024 жылы «Стартапқа апаратын жол: идеядан сәтті іске қосуға дейін» біліктілікті жоғарылату курсын өтті.

Жаппай ашық онлайн курсын әзірледі:

  1. Қазақ тілі В2 деңгейі.  Сертификат №8634. 13.04.2021 ж. (авторлары: Хасен М.А., Хамзина К.М., Нуржанова К.К.).
  2. Кәсіби қазақ тілі (6В07202 – «Тау-кен»). Сертификат №9143. 07.11.2022 ж.  (авторлары: Хамзина К.М., Нуржанова К.К., Конурова Н.А.).
  3. «Қазақ тілі» (В1) орта деңгейі 1-семестр. Сертификат № 9401. 30.06.2023. (авторлары: Нуржанова К.К., Хамзина К.М., Сагатова Г.К.).
  4. «Қазақ тілі» базалық деңгей (В1) 2-семестр. Барлық білім беру бағдарламаларына арналған. Сертификат № 9657 27.09.2024. (авторлары: Нуржанова К.К., Хамзина К.М., Сагатова Г.К.).
  5. «Қазақ тілі» (Кәсіби) Магистратураның барлық білім беру бағдарламаларына арналған. Сертификат №9643 20.09.2024. (авторлары: Аширбекова А.Б., Хамзина К.М. Нуржанова К.К.).
  6. k.nurzhanova@ktu.edu.kz

Нығметова Нұргүл Тұрсынқызы

1992 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін үздік дипломмен бітірді. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде 1992 жылдан бастап жұмыс істейді. 2010 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады.

Бірнеше ғылыми мақалалар жариялады, оқу құралдарының, электронды оқулықтардың, әдістемелік нұсқаулықтардың, монографияның авторы.

Scopus және Web of Science дерекқорларында индекстелетін басылымдарға бірнеше мақаласы жарияланды.

2021-2023 жылдары гранттық қаржыландыру шеңберінде “Латынграфикалы “Qazaq tili” В1, В2 деңгейлеріне арналған web оқулықтарын инновациялық технологиялар арқалы әзірлеу (Жоғары оқу орнындағы білім беруге арналған)” ғылыми-зерттеу жобасына ғылыми жетекші болды.

Қарағанды әкімшілігінен, Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасынан, университет тарапынан алғыс хаттары бар.

Н.Т. Нығметованың жетекшілігімен бірнеше студент қалалық, облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

n.nygmetova@ktu.edu.kz

Тіл саясатын дамытуға қосқан ерекше үлесі және тілді дамыту саласының қызметіне белсенді қатысқаны үшін «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен және куәлігімен марапатталды.

Оспанғалиева Меңдігүл Төлеутайқызы

 

11111

Жол-көлік факультеті

Лауазымы: Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының оқытушысы

Өмірбаяны

1999 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша бітірді. 2013 жылы Орталық-Қазақстан «МГТИ-Лингва» университетінің «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша магистратураны бітірді.  «Қазақ тілі» практикалық курсы бойынша сабақ жүргізеді. 35 жарияланған жұмыстары, оның ішінде 4 электрондық оқулықтың, 2 әдістемелік нұсқаудың, 3 видеодәрістің, 4 мультимедиялық презентацияның, 10 слайд-дәрістің авторы.

ҚарТУ ректорының және ЖКФ деканының алғыс хаттарымен марапатталған.

Жұмыс телефоны: 56-59-32
Ішкі телефоны: 1123
Электрондық поштасы: m.ospangalieva@ktu.edu.kz

Ғылыми еңбектері

Кәсіби қазақ тілі тақырыбында электрондық оқулық

Әдістемелік нұсқау “Биотехнология” мамандығының студенттеріне арналған электрондық оқулық

Сағатова Гүлмира Қанатқызы

Факультет: Жол-көлік

Кафедра: Қазақ тілі және мәдениеті

Ғылыми дәрежесі: педагогика ғылымының магистрі, аға оқытушы

Қызметі: Жол-көлік факультетінің және қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының профоргы
Өмірбаяны

Университетте 2001 жылдан қызмет атқарып келеді.2005 жылдан кафедраның, 2010 жылдан факультеттің профоргы. 2003 жылы ҚРУ филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірді. 2012 жылы Орталық Қазақстан университетінің «МГТИ-Лингва» магистратурасын қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірді. 2003-2010 жж. ЖОО-ға дейінгі дайындық факультетінде сабақ берді. Орыс топтарына қазақ тілі және кәсіби қазақ тілі пәнінен практикалық сабақ береді. Тәжірибелік сабақтарды қазақ тілінде жүргізеді. «Қазақ тілі» атты 20 шақты оқулықтың авторы. Қазақ тілі (Кредиттік технология жүйесі бойынша оқу құралы). ҚарМТУ, Қарағанды, 2004, Қазақ тілі (Қысқартылған мерзімде оқу топтарының студенттеріне арналған оқу құралы). ҚарМТУ, Қарағанды, 2007 ж. ҚарМТУ, Кәсіби қазақ тілі (Технологиялық машиналар және жабдықтар мамандығы студенттеріне оқу құралы). ҚарМТУ, Қарағанды, 2013ж., Қазақ тілі В1, В2 деңгейі бойынша (1-2-семестрге барлық мамандықтарға арналған) ҚарМТУ, Қарағанды, 20018 ж., ҚарМТУ, Қарағанды, 2019 ж., ҚарМТУ, Қарағанды, 2020 ж., ҚарТУ, Қарағанды, 2021 ж., ҚарТУ, Қарағанды, 2022 ж., ҚарТУ, Қарағанды, 2023 ж., ҚарТУ, Қарағанды 2024 ж ., Кәсіби қазақ тілі (оқу құралы) (Геология және Пайдалы қазбалар кен орнын барлау» мамандығына арналған) ҚарМТУ, Қарағанды, 2018 ж. және т.б. 15-20 электронды оқулықтың қосалқы авторы және 15 тен аса Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу туралы куәліктің авторы . (Қазақ тілі сертификаты № 2913. 09.03.2011 ж., «Қазақ тілі» № 3802 сертификаты 17.05.2012, Кәсіби қазақ тілі (оқу құралы) «Маркетинг» мамандығына арналған Сертификат № 7023 19.05.17., Кәсіби қазақ тілі (оқу құралы) «Көлік құрылысы» мамандығына арналған Сертификат № 7687 07.07.18., және т.б. мамандықтарға арналған электрондық оқулықтардың авторы. «Қазақ тілі» (кредиттік технология бойынша студенттің өздік жұмысы) ИС 00110663 Авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік № 1628 12.12.2013 ж., Кәсіби қазақ тілі (5В071600 – «Аспап жасау» мамандығына арналған) (ЭЕМ-ге арналған бағдарлама – эл.оқулық) Авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы КУӘЛІК №1372 ИС 008762 09.06.2017., Кәсіби қазақ тілі (оқу құралы) (ЭЕМ-ге арналған бағдарлама – эл.оқулық) Авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы КУӘЛІК №1342 16.01.19. Қазақ тілі В2 деңгейі бойынша (барлық мамандықтарға арналған) Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу туралы куәлік № 18496 08.06.2021. Қазақ тілі (В2 деңгейі, құрамдас туынды) Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу туралы куәлік № 30516 22.11.2022ж., Қазақ тілі (В1 деңгейі бойынша барлық мамандықтарға арналған) Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу туралы куәлік № 36331 29.05.2023ж., Қазақ тілі (В1 базалық деңгей, 2-семестр) Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу туралы куәлік №47179 07.06.24ж және т.б. 7-8 оқу-әдістемелік нұсқаудың авторы: ҚарМТУ, Қарағанды ​​2009, Инженерлік-құрылыс факультетінің студенттеріне арналған техника мен сөздіктер жинағы, Қарағанды ​​2009 ж. және 1 сөздік Қазақша-орысша-ағылшынша техника терминдері 2004 ж., Кәсіби қазақ тілі (әдістем.нұсқау) (Құрылыс, Көлік құрылысы, Сәулет, Дизайн, Көлік матер., бұйымд. өндіру мамандықтарына арналған) ҚарМТУ, Қарағанды, 2014, 2015, 2016 жж. ЖАОК (МООК) сертификаттары да бар. 1. Кәсіби бағытталған қазақ тілі (Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау мамандықтарына арналған) № 9057 10.06.22ж. 2. Қазақ тілі В1 деңгейі бойынша (барлық мамандықтарға арналған) № 9401 30.06.23ж. 2 ғылыми туындының авторы: 1. Teaching specialty-related professional Kazakh language. ҚарТУ, Қарағанды, 2020ж. 2. Қазақ тіліндегі психологиялық тілтанудың қалыптасуы мен дамуы. ҚарТУ, Қарағанды, 2020ж. Сонымен қоса, 120-дан астам жазған тезистері мен мақалалары бар.

Алғыс хаттарымен, ҚарТУ Құрмет грамотасы және Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымының Құрмет Грамотасымен және Қарағанды ​​облысы бойынша Тілдерді дамыту басқармасының алғыс хатымен марапатталған.

Жұмыс телефоны: 56-59-32
Ішкі байланыс телефоны: 1123
Электрондық пошта адресі:   g.sagatova@ktu.edu.kz

 

Хамзина Қарлығаш Мәуенқызы

Қызметі: Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының доценті

Қарағанды облысы, Шет ауданында дүниеге келді.

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент.

Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша аяқтаған.

2001 жылдан бастап Қарағанды техникалық университетінің «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасында қызмет етіп келе жатыр.

2004 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-да кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комитетінің шешімімен филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.

2007 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің шешімімен доценті ғылыми атағы берілді.

2005-2008 жж. аралығында «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.

2024-2025 жж. аралығында «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының меңгерушісінің міндетін атқарды.

2019 жылы Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының ұйымдастыруымен өткен «Үздік ұстаз» республикалық байқауының жеңімпазы.

2021 жылы Қазақстан халқының Тілдері күніне мерекесіне орай тілді дамытуға үлес қосқан тұлғаларды қолдау мақсатында Облыс әкімінің жыл сайынғы                              «Тіл жанашыры» сыйлығының «Үздік оқытушы» номинациясы жеңімпазы.

2023 жылы Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректорының «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен университеттің дамуына қосқан үлесі үшін марапатталды.

2023 жылы тіл саласын дамытудағы белсенді еңбегі үшін ҚР ҒЖБМ «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

2023 жылы Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды.

2024 жылы ҚР ҒЖБМ Тіл саясаты комитетінің мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру барысындағы зор еңбегі мен жоғары жетістіктері үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.

120-дан астам ғылыми мақаланың (оның ішінде Scopus базасында индекстелетін             журналдарда 3 ғылыми мақала), 4 монографияның, 10 авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу куәлігінің, 15 оқу құралының, электронды оқулықтардың және слайд-дәрістердің авторы. Қ.М. Хамзинаның жетекшілігімен университет студенттері бірнеше рет университеттік, облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпазы атанған.

Жұмыс қорытындысы бойынша университет ректорының және ҚР Білім және ғылым министрлігінің тарапынан алғыс хаттарымен бірнеше мәрте марапатталды.
Қазіргі таңда Қарағанды техникалық университетінің «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының доценті қызметін атқаруда.

 

Жұмыс телефоны 56-59-32 (ішкі телефон 2049)

Электронды  почта адресі jako199473@mail.ru

Хасен Мұрат Әбдірахманұлы

Жол-көлік факультеті

Қызметі: Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы

1985 жылы Е. А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «филолог- оқытушы» мамандығы бойынша бітірді.1989 жылдан ҚарТУ –да қазақ тілі және мәдениеті кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, 1993-1996 ж. кафедра меңгерушісі, 2008 – 2009 оқу жылында Ш.Құдайбердіұлы атындағы «Тілдердің үштұғырлығы» орталығының жетекшісі қызметтерін атқарды.

40-тан астам баспа ғылыми еңбектерінің авторы, оның ішінде 1 монография, 4 авторлық құқық объектісіне құқықты мемлекеттік тіркеу куәлігі. 4 оқу құралы, 3 электрондық оқулығы, 7 әдістемелік нұсқауы жарыққа шыққан

ҚарТУ – Құрмет грамотасы, Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының, Қарағанды облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының алғыс хаттарымен, Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

 

Электронды пошта: mkhasen@list.ru

Амангельдина Мереке Сарсенбекқызы

IMG-11-10-16-0242
Жол-көлік факультеті

«Филология» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдарының магистрі

Қызметі: «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының оқытушысы

2014 жылы «Филология» мамандығы бойынша Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін үздік бітірген. 2016 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Филология» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген. Біліктілігі: «Филология» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдарының магистрі.
Жұмыс телефоны: 56-59-32
Ішкі байланыс телефоны: 1123
Электрондық пошта адресі:mereke_amangeldina @mail.ru

Ғылыми еңбектері

Амангельдина Мереке Сарсенбекқызы

IMG-11-10-16-0242Жол-көлік факультеті

«Филология» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдарының магистрі

Қызметі: «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының оқытушысы

2014 жылы «Филология» мамандығы бойынша Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін үздік бітірген. 2016 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Филология» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген. Біліктілігі: «Филология» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдарының магистрі.
Жұмыс телефоны: 56-59-32
Ішкі байланыс телефоны: 1123
Электрондық пошта адресі:mereke_amangeldina @mail.ru

Ғылыми еңбектері