Гуманитарлық ғылымдар магистрі
Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ
БІЛІМІ
2006–2013 жж. – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Мамандығы: «Тарих»
МАГИСТРАТУРА
2013–2015 жж. – «Археология және этнология»
ДОКТОРАНТУРА
2018–2021 жж. – «Тарих»
ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ
2013–2014 жж. – Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының зертханашысы.
2015–2017 жж. – «KEGOC» АҚ-ның сатып алуды ұйымдастыру және шарттық жұмыс бөлімінің маманы.
2017–2018 жж. – «Қарағанды медициналық университеті» ҰАО-ның Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының оқытушысы.
2018–2021 жж. – докторантурада оқыды.
2022–2025 жж. – академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің Қазақстан тарихы және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының аға оқытушысы.
2025 жылдан бастап – Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы.
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ
Жұмыс пен оқу жылдарында республикалық, халықаралық конференцияларда және ҚКБК-да бірнеше ғылыми еңбектері жарияланды.
Ф.ғ.д., профессор Бөкетов Н.И. жетекшілігімен «Е.А. Бөкетовтің тұлғасы бренд тарихында – Karaganda Buketov University» тақырыбындағы № 22-ВГ-23 гранттық жобаны орындауға қатысты.
Қазіргі уақытта ғылыми және педагогикалық қызметін жалғастыруда.
