Инженерлік экономика және менеджмент факультеті
Ғылыми дәрежесі: техникалық ғылымының кандидаты
Ғылыми атауы: доцент
Қызметі: Тәрбие ісі жөніндегі проректор
Биография
1982 жылы «Тау-кен өнеркәсібінде басқару және экономика» мамандығы бойынша Қарағанды политехникалық институтты үздік бітіріп, тау-кен инженер-экономист біліктілігіне ие болды. 1984 жылға дейін АЖЖ зертханасында инженер қызметін атқарды. 1984-1988 жылдары «Пайдалы қазбаларды өндіру» кафедрасының қарамағында күндізгі оқу түрі бойынша аспирантурада білімін тереңдетті. 1988 жылы техникалық ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін ізденуге арналған диссертацияны қорғады. Диссертациялық жұмыстың ерекшеліктерін ескере отырып және жарияланған ғылыми мақалаларына, (1991ж. бастап) «Кәсіпорын экономикасы» кафедрасыдағы еңбек өтіліне байланысты 2000 жылдың желтоқсан айында ЖАК бекіткен «экономика мамандығы бойынша доцент» ғылыми дәрежесіне ие болды. 2001 жылдың сәуір айынан бастап ҚарМТУ Инженерлік экономика және менеджмент факультетінің деканы, Совет төрағасы (2010 ж.- Инженерлік экономика және менеджмент факультетінің директоры) қызметін атқарады. 65-тен астам ғылыми мақала жариялады, соның ішінде «Қарағанды көмір бассейні» кітабының бөлімінде, «Тау-кен кәсіпорнында жобалау» (мемлекеттік тілде) оқулығында авторлар құрамына енгізіліп, монографиялар, экономикалық пәндер бойынша жеті оқу құралдары жарияланған. 2008 жылы «ТҮКШ тиімді ұйымдастыру» жобасы бойынша қолданбалы зерттеу торы қарамағында экономикалық білім және зерттеулер Консорциум грантының иегері болды.
1996 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен, 2003 жылы «Білім берудің Құрметті қызметкері» белгісімен, ректордың құрметті грамотасымен, 2006 жылы қала Әкімінің құрметті грамотасымен, 2008 жылы ректордың құрметті грамотасымен марапатталып, 2009 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ғылымға қосқан үлесі үшін» белгісімен марапатталды.
Жұмыс телефоны: 56-75-94
Ішкі телефон: 1049
Электрондық почта адресі: n.alpysbaeva@kstu.kz
Ғылыми еңбектері
Қаржы нарықтары және делдалдар