Омаров Шерхан Әбілсеитұлы

Инновациялық технологиялар факультеті
Ғылыми дәрежесі: Жоқ
Ғылыми атағы: Магистр
Лауазымы: Оқытушы

Өмірбаяны

Омаров Шерхан Әбілсеитұлы – Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету (ЕТжБҚ) кафедрасының оқытушысы.

2023 жылы Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетін «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр дәрежесімен тәмамдады. 2025 жылы осы университетте «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша магистр дәрежесін алды.

2022–2024 жылдары Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ДРЦУ бөлімінде инженер қызметін атқарды. 2024–2025 жылдары «ASIA DESIGN CENTRE» дизайн студиясы зертханасында интерьердің 3D-визуализаторы болып жұмыс істеді. 2025 жылдан бастап Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасында оқытушы болып еңбек етеді.

Ақпараттық технологиялар (IT) саласындағы еңбек өтілі шамамен 3 жыл. «VR Simulator – Simulator of Drilling and Blasting Operations» атты ғылыми мақаланың авторы және авторлық құқық объектісіне мемлекеттік тіркеу туралы 1 куәліктің иегері.

Эл. Почта

Sh.omarov@ktu.edu.kz