Суимбаева Айгерим Маратовна

1
image-1

Тегі, аты, әкесінің аты – Суимбаева Айгерим Маратовна

2.Лауазымы, жұмыс, қызмет орны – «Пайдалы қазбалар кен орындарын өндіру» кафедрасында доцент м.а., «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ

3.Туған жылы мен туған жері – 30.10.1986 ж., Қарағанды облысы, Қарағанды қ.

4.Ұлты – қазақ

5.Білім – жоғары

6.Ғылымы дәрежесі, ғылыми атағы – PhD, жоқ

7.Үйінің мекен жайы – Қарағанды қаласы, Бөкетов к., 3/6 үй, 180 пәтер

8. Жалпы жұмыс өтілі – 13 жыл

  1. Эл.почта: a.suimbaeva@kstu.kz

Сумбаева Айгерим Маратовна еңбек жолын Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде (ҚарМТУ) 2012 жылы ассистент лауазымында бастады, 2015-2017 жылдары оқытушы лауазымында жұмыс істеді. 2017 жылдан 2020 жылға дейін 6D070700 – “Тау-кен ісі” мамандығы бойынша докторантурада оқыды. Қазіргі уақытта “Пайдалы қазбалар кен орындарын өндіру” кафедрасында доцентінің м.а.

2020 жылдың 20 желтоқсанында Қарағанды техникалық университетінің Диссертациялық кеңесі жанынан 6D070700 – “Тау-кен ісі” мамандығы бойынша PhD докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 2021 жылы сәуір айында ҚР БҒМ БжҒССҚК Төрағасының 26.04.2021 ж. №361 бұйрығымен 6D070700 – “Тау-кен ісі” мамандығы бойынша PhD докторы ғылыми дәрежесі берілді.

Суимбаева А.М. оқытушылық қызметін ғылыми жұмыстармен белсенді үйлестіреді. “Геотехнология және геомеханика” бағыты бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері “Nova Цинк” ЖШС “Ақжал” кенішінде, “Алтыналмас АК” АҚ “Жолымбет” кенішінде тау-кен жұмыстарын жүргізуді регламенттейтін құжаттарды әзірлеу кезінде енгізілді, сондай-ақ “Тау-кен ісі” білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврлар мен магистрлерді даярлау кезінде университеттің оқу процесінде пайдаланылады.

2022-2024 жылдарға арналған “Жас ғалым” жобасы бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған “Тау жыныстары массивінің геомеханикалық жай-күйін ескере отырып, кеннің ұүнарсыздануын төмендетуді қамтамасыз ететін қуаты аз кен орындарын жоюдың тиімді технологиялық схемаларын әзірлеу” (АР13268891) тақырыбы бойынша ғылыми жобаның жетекшісі болды.

Сонымен қатар келесі жобаларда орындаушы болып табылады:

- 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған (АР22787307);

- 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған (АР23489856).

2023 жылғы талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия иегері.

30-дан астам ғылыми еңбектердің, оның ішінде Clarivate Analytics және Scopus дерекқорына кіретін журналдарда 7 ғылыми мақаланың; 3 монографияның; пайдалы модельге берілген 4 патенттің; авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтер енгізу туралы 7 куәліктің; 5 оқу құралының авторы.

Университетте жұмыс істеген уақытында Санкт-Петербург тау-кен университетінде (Санкт-Петербург қ., 2019 ж.) және Қырғыз тау-кен ісі және тау-кен технологиялары институтында (Бішкек қ., 2019) шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті.

Суимбаева А.М. 7М07202 “Тау-кен ісі” білім беру бағдарламасының магистранттарына “Өнеркәсіптік қалдықтарды басқару, ресурстарды қалпына келтіру және қайта өңдеу технологиясы” және “Бизнес пен жобаларды тұрақты басқару” пәндері бойынша, сондай-ақ 8D07202 “Тау-кен ісі” білім беру бағдарламасының докторанттарына “Ғылыми зерттеу әдістері” пәні бойынша дәріс оқиды.

Негізгі жұмысымен қатар Тау-кен факультеті деканының ҒЗЖ жөніндегі орынбасары қызметін атқарды (2016-2017 жж.).