Энергетика, автоматика және теле байланыс факультеті
Физика-математика ғылымдарының кандидаты
Профессор
Маженов Н.А. 1970 жылы Аль-фараби атындағы КАЗМУ-ң теориялық физика кафедрасын бітірді. Қызмет жолын Аягоз қаласындағы мектептен бастаған. 1980 жылы Санкт-петербург университетінің ғылыми кеңесінде диссертациясын қорғап, физика-математика ғылымының кандидаты атағын алды.
1980 жылы шыққан «Колебания окисных решеток», «Наука»-1980г. монографияларының авторлары. 2010 жылы Оптика оқулығы шықты.
«Өлшеулердің нәтижелерін статистикалық әдіспен өңдеу»-2012ж және «Жаратылыстану тұжырымдарының негіздері»-2004 жылы шықты. Төрт электронд оқулықтардың авторы, И.Е. Иродова «Механика»-Алматы, 2012 ж., Bird «Electrical and Electronic Principles and Technolology», және K. Krane «Modern Physics» кітаптарын аударып шығарды.
Маженов Н.А. ғылыми қызметпен өте белсенді айналысады. Бірнеше жоғарғы рейтингтағы жарияланған ғылыми мақалалары бар.
2008 жылы Қарағанды облысының ғылыми жобаларға қатысқаны үшін Департаменттің Құрмет Граммотасымен марапатталды.
Мемлекеттік тілге оқулықтарды аудару бойынша жоғарғы оқу орнынан 2013 жылы Құрмет Грамотасын алды.
2014 жылы Баянауылда физикадан білім беретін мұғалімдерге біліктіліктерін жоғарлатуға арналған қызметі үшін алғыс хат алды.
Байланысу деректері: Телефон: 8(7212) 56-59-32 (доб.2027), E-mail: Mazhenov@mail.ru
Электр және электротехника негіздері мен технологиясы
Электр және электрониканың физикалық негіздері