Алпысбаева Назым Амангазиевна

2
image-1

Түйіндеме

Алпысбаева Назым Амангазықызы

қазақ, 1960 жылы 27 маусымда дүниеге келген

1982 жылы Қарағанды Еңбек Қызыл Ту ордені политехникалық институтын «Тау-кен өнеркәсібіндегі экономика және басқару» мамандығы бойынша тау-кен факультетін үздік бітірді. 1982 жылдан 1984 жылға дейін – КарПТИ АЖЖ зертханасында стажер – зерттеуші, инженер болып жұмыс істеді. 1984 жылдан 1988 жылға дейін күндізгі аспирантурада оқыды. 1988 жылы техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Диссертациялық жұмыстың және қорғаудан кейін жарияланған мақалалардың ерекшеліктерін, «Кәсіпорын экономикасы» кафедрасында жұмыс өтілін ескере отырып (1991 жылдан бастап), ҚР ЖАК 2000 жылғы желтоқсанда «Экономика мамандығы бойынша доцент» ғылыми атағын берді.  1992 жылдан 2001 жылға дейін – ҚарМТУ «Кәсіпорын экономикасы» кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы, доценті, 2001 жылдың сәуір айынан бастап ҚарМТУ экономика және менеджмент факультеті деканы (2010 жылдан бастап – Экономика институтының директоры, экономика институты кеңесінің төрағасы) болып жұмыс істеді. 2015 жылғы маусымнан бастап ТЖЖ проректоры болып жұмыс істеді.

2020 жылдың қыркүйек айынан бастап – «Кәсіпорын экономикасы және менеджменті» кафедрасының доценті, оқытушылар мен қызметкерлер кәсіподағының төрағасы.

Біліктілікті арттыру – «СМЖ ішкі аудиті» бағдарламасы бойынша «Русский регистр” сертификаттау қауымдастығында (2004ж., сертификат); USAID бизнес және экономикалық білім беру бойынша «Студенттерді жоғары оқу орындарында тіркеу жүйесі / Тіркеуші кеңсесінің қызметі» жобасы семинарының бағдарламасы бойынша оқыту (2005ж.); Халықаралық экономикалық зерттеулер және білім консорциумының ғылыми гранты – Ресей-ТМД (2006). ҚР БҒМ Ұлттық семинарының «Институционалдық аккредиттеу процесінде ЖОО-ның өзін-өзі бағалауын жүргізу» бағдарламасы бойынша (2009ж., ішкі сарапшы), ҚР БҒМ республикалық семинарының бағдарламасы бойынша (2011ж.), «Аккредиттеу: сыртқы аудит» семинар-тренингі (БҚА БАҰО, 2014ж.), Халықаралық білім беру және ғылыми ақпарат орталығында оқу «Жоғары білім сапасының менеджменті» (Дюссельдорф қ., Германия, сертификат); Калининград мемлекеттік техникалық университетінде (Ресей, сертификат) «Білім беру бағдарламаларын халықаралық және мамандандырылған аккредиттеу» бағдарламасы бойынша; «Сапаны қамтамасыз етудің университетішілік жүйесі» бағдарламасы бойынша (НААР, 2013ж.,2018ж.),Қарағанды облысы Дін Істері Басқармасының  «Дінтану сауаттылығын арттыру» бағдарламасы бойынша (2015ж., 2020ж.), «Кәсіподақ комитеттері төрағаларының біліктілігін арттыру» семинар бағдарламасы бойынша (Санкт-Петербург, 2021ж.).

Н. А. Алпысбаева 135-тен астам әдістемелік, ғылыми мақалалар мен жұмыстардың авторы, оның ішінде «Қарағанды көмір бассейні» кітабының, ҚР БҒМ грифі бар «Тау-кен кәсіпорындарын жобалау» оқулығының (мемлекеттік тілде), төрт монографияның, экономикалық пәндер бойынша 8 оқу құралының авторы. «ЖОО үздік оқытушысы – 2013» атағының иегері.

Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі (2015 жылдан бастап).

ҚР БҒМ Құрмет грамотасымен (1997ж., 2021ж.); 2003 жылы – ҚР БҒМ «Білім берудің құрметті қызметкері» төс белгісімен; 2009ж. – ҚР БҒМ «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен; 2013ж. – ІІІ дәрежелі «Шахтер даңқы» белгісімен, 2014ж. – «Невада – Семей халықаралық антиядролық қозғалысына 25 жыл» медалімен марапатталған, 2018 жылы – ҚР ЖОО қауымдастығынын А. Байтұрсынов атындағы қола медальмен, 2023 жылы – күміс медальмен марапатталды., 2020 жылы – «ҚХА – ға 25 жыл» медалімен, 2021 жылы – «Халық алғысы» медалімен марапатталды.

ҚР Президентінің, Қарағанды облысы әкімінің, облыс әкімінің орынбасары, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан әкімінің, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президентінің, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының, облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы, КарТУ ректорының алғыс хаттарымен марапатталған. Қарағанды облысы әкімінің «Қайнар» сыйлығының лауреаты (2018ж.). КарТУ «Еңбек сіңірген қызметкер» (2020ж.).