Айтбаев Нурлан Берикулы

Айтбаев
image-1

Факультет:  машина жасау

Ғылыми дәрежесі: техника ғылымдарының магистрі

Ғылыми атағы:жоқ

Лауазымы: ассистент

Биография:

 

Айтбаев Нурлан Берикулы, 1989 жылы 23 наурызда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сарытерек кентінде тудым.

Ұлты – қазақ. ӘЛеуметтік шығу тегі – қызметкерлер.

Сарытерек кентінде Ж.Кенесбаев атындағы мектепті бетірген соң 2007 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне «Металлургия» мамандығы бойынша оқуға түстім.

2011 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітірдім, 16.06.2011 жылы Мемлекеттік аттестациялық комиссияның шешімімен металлургия «Бакалавры» академиялық дәрежесі берілді. 2011 жылы 6М070900 – «Металлургия» мамандығы бойынша магистратураға түстім. 2013 жылы «Жылу масса алмасу жағдайларында жұмыс істейтін шойын құймаларын жасау технологиясын зерттеу және әзірлеу» тақырыбы бойынша диссертация қорғап магистратураны аяқтадым, техника ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алдым. 5B051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алдым.

Айтбаев Нурлан Берикулы2012 жылдан бастап «Металлургия, материалтану және нанотехнология» кафедрасында жұмыс істейді.

5В071200 «Машина жасау» және 5В070900 «Металлургия» мамандықтарына арналған түрлі пәндер бойынша зертханалық және тәжірибелік сабақтарын жүргізді. Зертханалық жұмыстарға және тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқауларды әзірлеуге қатысады. Халықаралық ғылыми конференциялардың жұмысына белсене қатысады. Кафедра мен институттың ұйымдастыру-әдістемелік жұмысына белсене қатысады.

Компьютерлік техниканы меңгерген, жаңа комрьютерлік технологияларды меңгеру және ЖЭЕМ «Машиналық графика: Corel Draw, AutoCAD», «WEB-технологиялар, WEB-беттерді жасау», «Оқыту барысында интерактивтік оқыту құралдарын қолдану», «Мультимедиалық құралдар» курстарын оқыған. Оқу жүктемесін орындайды, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыспен айналысады.

Ашық және жылы шырайлы адам, бұл оның әріптестермен қарым-қатынасынан сезіледі. Жақсы коммуникативтік дағдысы бар.

Кәсіби біліктілігін әрқашан жетілдіреді, сонымен қатар, басқада мінез қасиеттері бар: өнерлі және дербес жұмыс жасау қабілеті. МЕТ-13-3 тобының кураторы қызметін атқарады.

 

Жұмыс телефоны:  56-75-98

Ішкі телефоны:  1024

Электрондық пошта адресі:  nurlan_2303@mail.ru

Ғылыми еңбектер: