Жолдыбаева Гүлнар Сәбитқызы

4
image-1
Жолдыбаева Гүлнар Сәбитқызы, т.ғ.к., ПКОҚО  кафедрасының доцент м.а.

Жолдыбаева Гүлнар Сәбитқызы, 1964 жылы 21 маусымда туған, 1986 жылы Қарағанды ​​Еңбек Қызыл Ту орденді политехникалық институтын 050506 – Тау-кен машиналары мен кешендері мамандығы бойынша бітірген, «Тау-кен инженер-механик» біліктілігі берілген. ҚарПТИ бітіргеннен кейін:

1986-1989 жж – В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының (қазіргі ҚазҰТУ) Қаратау филиалының тау-кен машиналары кафедрасының оқытушысы;1989 – 1992 жж – Қарағанды ​​педагогикалық институтының сызба геометрия және инженерлік графика кафедрасының оқытушысы;1992 – 1993 жж – Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ сызба геометрия кафедрасының стажер-ғылыми қызметкері1992-1996 жж – Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің аспирантурасы (ҚазҰТУ);1998 ж. – ҚазҰТУ диссертациялық кеңесінде 050506 – Тау-кен машиналары мамандығы бойынша техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін қорғау;1994 – 2005 жж – Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ көтергіш-көлік машиналары және гидравлика кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті;2005 жылдың 1 ақпанынан 2014 жылдың 1 қазанына дейін – ҚарМТУ тау-кен машиналары мен жабдықтары кафедрасының аға оқытушысы, доценті;01.10.2014 жылдан 01.09.2015 жылға дейін – тау-кен машиналары мен жабдықтары кафедрасының меңгерушісі.01.09.2015 – 20.08.2018 – ҚарМТУ көлік және жол факультетінің деканы. 20.08.2018 – 05.10.2024 – А.Сағынов атындағы ҚарТУ тау-кен факультетінің деканы

05.10.2024 бастап қазіргі уақытқа дейін Пайдалы кен орындарын қазып өндіру  кафедрасының доцент м.а.

50-ден астам ғылыми, оқу және оқу-әдістемелік басылымдары бар.