Жаркенов Нурсултан Балгаевич

ЖаркеновРЕЗЮМЕ

Т.А.Ж., туған күні: Жаркенов Нурсултан Балгаевич, 1991 жылы 23 қараша.

Жұмыс өтілі: жалпы өтілі – 11 жыл, ғылыми-педагогикалық өтілі – 9 жыл.

Лауазымы: «Көлік техникасы және логистикалық жүйелер» кафедрасы доцентінің м.а., ЖКФ деканының оқу ісі бойынша орынбасары

Қандай ЖОО, қандай мамандық бойынша және қашан бітірді: ҚарМТУ, «Көлік, көліктік техника және технологиялар» 5В071300, 2013 ж.

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі: PhD, доцент м.а. 2023

Бөлімшелердегі жұмысы, жұмысқа қабылданған күндерді және атқаратын лауазымдарын қоса алғанда:

2009 ж. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне Жол-көлік факультетіне 5B071300 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша түсті. Бакалавр дипломын 2013 жылы алды, 2013 жылы 6М071300 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша магистратураға түсті. 2015 жылы магистратурада оқудың толық курсын аяқтағаннан кейін «техника және технологиялар магистрі» академиялық атағы берілді. 2023 жылы докторлық диссертациясын қорғап, PhD дәрежесі берілді. 2015 жылы шілдеден бастап «Көлік техникасы және логистикалық жүйелер» кафедрасында инженер болып жұмыс істеді. 2015 жылдан бастап ассистент, 2017 жылдан оқытушы, 2018 жылдан аға оқытушы, 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Көлік техникасы және логистикалық жүйелер» кафедрасы доцентінің міндетін атқарушы болып жұмыс істейді.

Негізгі ғылыми мүдделер: карьерлік автосамосвалдарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесін жетілдіру.

Негізгі жарияланымдар: орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде «35» ғылыми мақалада жарияланды, оның ішінде ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (КОКСНВО) мәліметтер базасына жатқызылатын журналдар басылымдарында 5 жарияланым, Scopus және Thomson Reuters компанияларының ақпараттық базасына кіретін 3 жарияланым, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда 15 жарияланым. «Жүк автомобильдерінің гидрожүйелеріндегі тежегіш сұйықтығының деңгейін бақылаудың автоматтандырылған құрылғысы» пайдалы моделіне патент, авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы 10 куәлік алынды.

Оқу жылында оқылатын пәндер: Стохастикалық процестер, математикалық өңдеу, Көлік кәсіпорындарының инфрақұрылымы, Көлік техникасына қызмет көрсету және фирмалық қызмет көрсету, Көлік техникасының жіктелуі және құрылысы, Жеткізу тізбектеріндегі логистикалық процестерді модельдеу.

Повышение квалификации:

«Озық технологиялар» бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру бойынша тағылымдамадан«№3 автобус паркі» ЖШС логистикалық технологиялар, телематикалық жүйелер және техникалық-пайдалану көрсеткіштері саласындағы тәжірибе мен жаңа технологиялар (2019 жыл);

«GENERAL ENGLISH» ағылшын тілі курсынан 240 сағат өтті (ASBT, 2019 жыл, В1 деңгей);

біліктілігін арттыру бойынша тағылымдамадан өтті «Вираж-Сервис Қазақстан» ЖШС компаниясы (2020 жыл);

«HiPo басқару әлеуетін дамыту» тақырыбы бойынша біліктілікті арттырукурстарынан өтті (2020 жыл);

біліктілікті арттыру курстарынан өтті “Эмоциялық көшбасшылық

технологиялары. Ықпал арқылы басқару “(2019 жыл);

«Көлік процестерін модельдеу» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті (Омбы қ. «СибАДИ» БҚ қосымша білім беру институты 2022 жыл);

«Басшылар мен мамандарға арналған еңбекті қорғау» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті (ТПУ Томск қ. (университет топ-500 кіреді) 2021 жыл);

 

Байланыс деректері:жұмыс тел. 56-59-32 (ішкі. 2049)