Жанзаков Каржаубай Галимжанович

Жанзаков
image-1
Инновациялық технологиялар колледжінің “арнайы пәндер” кафедрасының аға оқытушысы

Білімі:

Жоғарғы – Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, “көліктегі тасымалдау және басқару ұйымдары бойынша Инженер” мамандығы бойынша

Жалпы жұмыс өтілі-42 жыл, ғылыми-педагогикалық өтілі-28 жыл.

Еңбек жолын 1990 жылы “Қарағанды-лифт” электромеханигі қызметінен бастаған.

1999 жылдан 2008 жылға дейін Т.Бегілдинов атындағы Қарағанды республикалық әскери мектебінің взвод командирі, Капитан атағында қызмет атқарды.

2008 жылдан 2011 жылға дейін Шет ауданының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, Майор атағын иеленді.

2012 жылдан бастап педагогикалық салада еңбек жолын Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің “Бастапқы әскери дайындық” кафедрасының аға оқытушысы лауазымында бастады.

2018 жылдан 2021 жылға дейін Қарағанды техникалық университетінің “көлік техникасы және логистикалық жүйелер” кафедрасының аға оқытушысы қызметін жалғастырды.

2021 жылдан бастап Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің КЕАҚ инновациялық технологиялар колледжінің “арнайы пәндер” кафедрасының оқытушысы.

Біліктілікті арттыру:

2015 жылғы қыркүйектен желтоқсанға дейін-инженерлік педагогика курстары.

2016 жылғы 20 қаңтардан 22 қаңтарға дейін – “ҚарМТУ білім беру қызметіндегі инновациялық технологиялар”оқыту семинары.