Тау-кен факультеті
Ғылыми дәрежесі: доктор PhD
Лауазымы: доцент м.а.
Биография
2006-2009 ж. ПКҚӨ кафедрасының ассистенті; 2009-2010 ж. оқытушы; 2010-2019 ж. аға оқытушы; 2022 жылдан бастапдоцент м.а.
50-ден астам ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде:
- Clarivate Analytics және Scopus дерекқорына кіретін журналдардағы 6 мақала; ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитеті ұсынған журналдардағы 20-дан астам мақала; пайдалы модельге 2 патент және авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы 5 куәлік; 1 монография және 6 оқу құралы. Scopus базасында Хирш индексі – 3.
Қазіргі уақытта Erasmus+ KA2/CBHE бағдарламасы бойынша EMINReM (“Master programme in Eco-Mining & Innovative Natural Recourses Management – тау-кен өндіру және табиғи ресурстарды басқару”) жобасының орындаушысы. “Eco-Mining үшін пайдалы қазбаларды жетілдірілген өңдеу” пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен әзірледі.
“Геотехнология және геомеханика” бағыты бойынша тау-кен саласындағы ғылыми-зерттеу қызметімен белсенді айналысудамын. Оқытушылық қызмет ғылыми жұмыстармен белсенді үйлесуде.
2024 жылдың сәуір айында ҚР Ғылым және жоғары білім Министрінің “Қазақстан Республикасының Білім және ғылым дамуына елеулі үлес қосып, өркендеу жолында атқарған адал еңбегі” үшін Алғыс хатымен марапатталды.
Жетекшілігімен келесі студенттер СҒЗЖ байқауына қатысып, дипломдармен марапатталды: 2020 жылы Мұханбетрақымов Ш. Ш. және Құрметбекұлы Б. (III дәрежелі диплом); 2024 жылы Байжуманов Н. және Байжуманов Е. (II дәрежелі диплом).