Ысмақова Бибісара Серікқызы, 1948 жылы 30 қаңтарда Қарағанды облысы Балқаш қ. қызметкер отбасында дүниеге келдім.
1955-1966 ж.ж. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Н.К.Крупская атындағы орта мектепте білім алдым.
1966-1970 ж.ж. – Алматы қ. Қазақ қыздар педагогикалық институтында оқыдым.
1970 – 1980 ж.ж. аралығында Ақсу-Аюлы кентінде (Шет ауданы), Брянск қ. (РКФСР), Қарағанды облысы Ағадыр кентінде орыс тілі және әдебиеті мұғалімі болып қызмет еттім.
1980 ж. – 2008ж. дейін кейін Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті болып қайта ұйымдастырылған Жезқазған пединститутында аға оқытушы, доцент, педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі болып қызмет еттім.
2008 ж. бастап қазіргі кезге дейін орыс тілі кафедрасының доценті, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті БӘД кафедрасының доцентімін.
29.11.2000 ж. – «Этнокультурный аспект занятий по практическому курсу русского языка» («Қазақ мектебіндегі орыс тілі» бөлімшесінің, филологиялық факультеттердің «Аударма ісі» студенттері үшін) кандидаттық диссертация қорғадым. Шифр – 13.00.02.-Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі орыс тілі). Алматы, Абай атындағы АМУ, диссертациялық кеңесі Д14.09.04.
19.03.2004 ж. (№4 хаттама) ҚР БҒМ ЖАК – «Педагогика» мамандығы бойынша Доцент ғылыми атағы берілді.
10.11. 2010 ж. – педагогикалық ғылымдар докторы ғылыми дәрежесін ізденуге «Научно-методические основы обучения русскому языку во взаимосвязи с казахским учащихся общеобразовательных школ в современных социокультурных условиях Республики Казахстан» (қазақ тілінде оқытатын мектептердің 5-6 сыныптары үлгісінде) диссертация қорғадым. Алматы, Абай атындағы АМУ, диссертациялық кеңесі Д14.09.04.
27.10.2011ж. ҚР БҒМ БҒСҒАК шешімімен педагогикалық ғылымдар докторы ғылыми дәрежесі берілді.
2012 (қыркүйек) қазіргі кезге дейін – Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті БӘД кафедрасының доцентімін.
Ғылыми қызығушылықтар шеңбері – жаңа заманағы тілідік білім берудің өзекті мәселелері, орыс тілін қазақ тілімен байланыстыра оқыту әдістемесі, тіл мен мәдениетті біріктіріп оқыту проблемалары, жаңа заманағы қос тілділік және көп тілділік ерекшеліктері; тілдерді оқытудың социомәдени тұжырымдамасы, тілдік пәндер құралдары арқылы жеке тұлғаны тәрбиелеу проблемалары, этнопедагогиканың жаңа заманағы проблемалары.
Ғалым ретінде тілдік проблемаларға және Ресейде, Румынияда, Грецияда, Финляндияда, Польшада, Эмиратта ЖОО және мектепте білім беру және тәрбиелеу проблемаларына арналған ірі форумдарға қатысумен аккредиттелген.
«Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталды.
2008 ж. 28 қаңтар № 01185.
Қарағанды облысы бойынша «Ғылым және білім» номинациясында 2012 жылғы «Ажар» Ұлттық сыйлығының лауреаты болып табылады.
Докторлық диссертация тақырыбы «Научно-методические основы обучения русскому языку во взаимосвязи с казахским учащихся общеобразовательных школ в современных социокультурных условиях Республики Казахстан» (қазақ тілінде оқытатын мектептердің 5-6 сыныптары үлгісінде). Алматы, Абай атындағы ҚазҰПУ диссертациялық кеңес Д14.09.04.