Толовхан Бауыржан

1
image-1

 

 

 

 

 

 

 

Білімі:
1995 ж. – Қарқаралы лицей-интернатын бітірген.
1995–2000 жж. – Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті,
ақпараттық технологиялар факультеті.
Мамандығы: инженер-жүйетехник.

2009–2011 жж. – Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті,
тау-кен факультеті,
магистратура.
Мамандығы: тау-кен ісі.

Еңбек өтілі:
2000–2002 жж. – Жәйрем КБК, тау-кен жоспарлау бөлімінің инженер-бағдарламашысы. Жұмыс барысында барлау және тау-кен жұмыстарын жоспарлауға арналған Surpac бағдарламалық жасақтамасы курсын аяқтап, сертификат алды.

2002–2004 жж. – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Нұрқазған» кеніші, геология бөлімінің инженер-бағдарламашысы. Datamine бағдарламасы курсын өтті. Геологиялық деректер базасымен, рудалық денені құру және модельдеумен айналысты.

2004–2005 жж. – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Нұрқазған» кеніші, Datamine маркшейдері.

2005–2007 жж. – «Қазхром» ТҰК, «Қазмарганец» РӨ, жетекші маркшейдер.

2007–2015 жж. – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, Бас жобалау институты, Қарағанды жобалау бөлімшесі, жетекші тау-кен жобалаушы инженері.

2015–2016 жж. – «Қарағандыцветмет» ӨБ, техникалық және инвестициялық жоспарлау бөлімінің жетекші тау-кен жобалаушы инженері.

2016 ж. – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Абыз» кеніші, жетекші тау-кен жұмыстарын жоспарлау инженері.

2016–2017 жж. – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, Капиталдық құрылыс департаменті, техникалық бөлімнің жетекші тау-кен инженері.

2018 ж. қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Тау-Кен Самұрық» Ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ, «Солтүстік Қатпар» ЖШС, бас тау-кен инженері.

Datamine (геологиялық деректер базасы, рудалық денені құру және модельдеу), NPV Scheduler (ашық тау-кен жұмыстарын жоспарлау), Mine2-4D (жерасты тау-кен жұмыстарын жоспарлау), Surpac (ашық тау-кен жұмыстарын жоспарлау), Micromine (кіріспе курсы) бағдарламалары бойынша курстардан өткен.