Свяженин Николай Павлович

сВЯЖеНИН
image-1
ӨМІРБАЯН

Свяженин   Николай  Павлович  1963  жылы 4 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы Соколов ауданы Пресновка ауылында, қызметкерлер отбасында дүниеге келдім.

1970 жылы мектеп табалдырығын аттадым, 1980 жылы 10 сыныпты аяқтадым.

1981жылдан бастап 1983 жылға дейін Кеңес Әскері қатарында қызмет еттім.

1983 жылы Қарағанды педагогикалық институтының дайындық бөлімшесіне оқуға түстім.

1984 жылы Қарағанды педагогикалық институтының бастапқы әскери дайындық және дене тәрбиесі факультетіне студент болып қабылдандым. 1987  жылы үйлендім.

1988 жылы ұлым дүниеге келді, осы жылы Қарағанды педагогикалық институтын тәмамдап, орыс тілін тереңдетіп оқытатын және әскери дене тәрбиесі дайындығы күшейтілген  Қарағанды Республикалық әскери мектеп-интернатына взвод командирі-тәрбиешісі ретінде жұмысқа жіберілдім. Онда 1995 жылы Қазақстан Республикасы Қарушы Күштер қатарына Кеңес Одағының екі дүркін батыры Талғат Бигельдинов атындағы Қарағанды Республикалық әскери мектеп-интернатына шақырылдым, онда түрлі лауазымда қызмет атқардым.

2008  жылы одан әрі қызметін жалғастыру үшін 15619 әскери бөліміне госпиталь бастығының орынбасары – материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшесінің бастығы лауазымына ауыстырылдым.

2013  жылы «Астана» аумақтық  командованиесінің Әскери қолбасшысы штабы басқармасында төтенше жағдайлар бойынша аға офицер (инспектор) лауазымында  қызметімді өтедім. 2013 жылы тамызда зейнеткерлікке шығуыма байланысты қызметтен босатылдым.

ҚР ӘҚ қызметім үшін медальдармен марапатталдым:

  1.  “Қазақстан РеспубликасыныңҚарулы Күштерiне 10, 20 жыл”;
  2.  II, III дәрежелi “Miнciз қызметi үшiн”.