Факультет: Сәулет –құрылыс факультеті
Қызметі: «Механика» кафедрасының аға оқытушысы
Өмірбаян:
1973 жылы 22 қазанда Қарағандыда дүниеге келдім, Қарағанды облысының Шет ауданында тұрдым.
1980-1988 жылдары Қарағанды облысының Шет ауданында орта мектепте оқыдым.
1988-1991 жылдары Қарағанды облысының Шет ауданында ПТУ-11 оқыдым.
1991 жылы Қарағанды педагогикалық институтына «Сызу, бейнелеу өнері және сәндік-қолданбалы қызмет» мамандығы бойынша көркемсурет-графика факультетіне оқуға түсіп, 1995 жылы сызу, бейнелеу өнері және сәндік-қолданбалы қызмет мұғалімі біліктілігін ала отырып, оқуды тамамдадым.
1995-2000 жылдары Қарағанды облысы Шет ауданы Бурма совхозының орта мектебінде сызу және сурет мұғалімі болып жұмыс істедім.
2003-2006 жылдары ҚарТУ ТСМИ кафедрасында оқытушы болып жұмыс істедім.
2011-2023 жылдары Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің (РОӘБ) әдіскері болып жұмыс істедім.
2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Механика» кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істеймін.
Электрондық пошта адресі: k.shatekov@ktu.edu.kz