Шарипова Руфина Мнировна

image-1

«Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы. Сәулет-құрылыс факультеті

Білімі

2001 ж. – академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Социология» мамандығы бойынша үздік тәмамдап, «Социолог. Социология пәнінің оқытушысы» біліктілігін алды.

2005 ж. – аталған университеттің магистратурасын «Философия» мамандығы бойынша үздік бітіріп, философия магистрі академиялық дәрежесін иеленді.

Кәсіби қызметі

2001–2007 жж. – Алматы экономика және статистика академиясында гуманитарлық пәндер оқытушысы болып қызмет атқарды.

2007–2020 жж. – Семей мемлекеттік педагогикалық институтының «Философия және саясаттану» кафедрасының аға оқытушысы; сонымен қатар, Семей қаласындағы «Қоғам» аймақтық әлеуметтанулық зерттеулер орталығының жетекшісі қызметін қоса атқарды.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ-ның «Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы.

Ғылыми қызығушылықтары

Негізгі ғылыми-зерттеу бағыты – қазіргі қоғамдағы этносаралық келісімді қалыптастыру және нығайту үдерістерін зерделеу, сонымен қатар құндылықтық бағдарлар, әлеуметтік нормалар мен ұстанымдарды талдау.

Ғылыми идентификаторлары

AuthorID (Scopus): 59208763800

ORCID ID: 0000-0002-0526-3278

E-mail:atkchild@gmail.com