Туған күні: 10.05.1948
Лауазымы: РТТ кафедрасының аға оқытушысы
Еңбек өтілі: 42 жыл
Базалық білімі:
– Алматы байланыс электротехникумы — сым байланысының электр-технигі;
– Н.Д. Псурцев атындағы Новосибирск байланыс электротехникалық институты — байланыс инженері-экономист.
Байланыс саласындағы еңбек өтілі:
42 жыл (ҚазКСР Байланыс министрлігі және «Қазақтелеком» АҚ құрылымдарында).
2008 жылы Қазақстан Республикасының «Құрметті байланысшы» атағы берілген.
2018 жылдан бастап «Байланыс технологиялары және жүйелері» кафедрасында жұмыс істейді.
Оқытатын пәндері:
1. Байланыстың транспорттық желілерін жобалау
2. Электрондық байланыс және телекоммуникация жүйелерінің энергетикалық қамтамасыз етілуі
3. Оптикалық-талшықты байланыс линияларын (ОТБЛ/ВОЛС) жобалаудың негіздері
4. Радиотехника және телекоммуникация негіздері
5. Телекоммуникациядағы оптикалық байланыс жүйелері (мемлекеттік тілде оқытылады)
Кабельдік және талшықты-оптикалық байланыс желілеріне (ОТБЛ/ВОЛС) арналған мамандандырылған 415-кабинет ұйымдастырылған. Онда түпнұсқа макеттер мен кең жолақты интернетке терминалдарды қосу стенді орналастырылған.
FTTH технологиясы бойынша кең жолақты интернетке қол жеткізу
FTTH (Fiber To The Home — оптикалық талшықты үйге дейін жеткізу) — жоғары жылдамдықты интернетке (500 Мбит/с дейін) қол жеткізу үшін оптикалық талшықты кабельді қолданатын технология.
ADSL технологиясы бойынша кең жолақты интернетке қол жеткізу
ADSL (Asymmetric Digital Subscriber Line — асимметриялық цифрлық абоненттік желі) — интернетке шығу үшін кәдімгі телефон сымын қолданатын технология.
Сондай-ақ «Талшықты-оптикалық байланыс линиясының компоненттері» ОТБЛ-01 атты зертханалық стенд бар. Ол талшықты-оптикалық жүйелердің әртүрлі компоненттерімен жұмыс істеу бойынша теориялық және практикалық дағдыларды қалыптастыруға арналған.
Телефон: 8 (7212) 56-75-94, ішкі 2060
Электрондық пошта: e.sarsembayev@ktu.edu.kz

