Орынтаева Гульжаухар Жунускановна

 

 

 

 

 

Архитектуралық-құрылыс факультеті
Лауазымы: «Механика» кафедрасының аға оқытушысы
Өмірбаяны:
1992 ж. – Қарағанды политехникалық институтын «Тау-кен машиналары мен жабдықтары» мамандығы бойынша бітірген.
1993 ж. – №44 КТУ-де арнайы пәндер оқытушысы болып жұмыс істеді.
1994 ж. – «Теориялық механика» кафедрасына оқытушы болып жұмысқа орналасты. Теориялық механика пәнін жүргізді.
1999 ж. – «Машина және аспаптар динамикасы мен беріктігі» мамандығы бойынша аспирантураны бітірді. Диссертация тақырыбы: «Төмен жиілікті вибрациялық қондырғылардың жетек динамикасын зерттеу».
2004 ж. – Алматы қ. ҚазҰТУ-да механизмдер мен машиналар теориясы бойынша біліктілікті арттыру курстарын аяқтады, сертификат алды.
2005 ж. – «Теориялық механика» кафедрасына аға оқытушы болып ауыстырылды. Қазіргі уақытта барлық мамандықтарға мемлекеттік тілде және орыс тілінде механизмдер мен машиналар теориясын, теориялық механиканы, қолданбалы механиканы, инженерлік механиканы оқытады.
Біліктілікті арттыру курстарынан өтті:
-«Тау-кен байыту өндірісінің машиналары мен механизмдері» тақырыбында, Балқаш қ., «Коунрад мыс компаниясы» ЖШС кәсіпорнында. Сертификат алған (17.05.2021 ж., 12.12.2023 ж. №24 хаттама).
-«Педагогикалық шеберлікті жетілдіру» тақырыбында, №001712 сертификаты (26.11.2021 ж.).
-«Кибермәдениет, кибергигиена және үлкен деректермен жұмыс істеу» тақырыбында, №001403 сертификаты (28.10.2021 ж.).
-«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі» тақырыбында, №0170-С сертификаты (12.10.2022 ж.).
Қызметі: Сәулет-құрылыс факультетінде сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы.
Теориялық механика бойынша МД, ГД, СГПиПС, ЭЭ мамандықтарына арналған емтихан сұрақтарын қазақ тілінде әзірледі.
«Механизмдер мен машиналар теориясы» және «Теориялық механика» пәндері бойынша силлабустар әзірледі:6В07106 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары»6В07104 «Машина жасау»,6В07111 «Технологиялық машиналар және жабдықтар»,6В04106 «Бағалау»,6В07207 «Машина жасаудағы цифрлық технологиялар»,6В07501 «Стандарттау» мамандықтарына.
Зияткерлік меншік:Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі авторлық құқықпен қорғалатын нысандар тізіліміне 24 жұмыс енгізілгені туралы куәліктер алынған.
Ғылыми жұмыстар:20 оқу құралы жарық көрді.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері беделді журналдарда жарияланған мақалалармен расталған.

Байланыс:
Жұмыс телефоны: 8-7212-56-59-32 (ішкі 2041)
Электрондық пошта: g.oryntaeva@ktu.edu.kz