Оралбай А

2
image-1
Ғылыми дәрежесі: техникалық ғылымдар магистрі.
Лауазымы: аға оқытушы.

2018 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша үздік бітірді.

Университетті бітіргеннен кейін 2018-2021 жылдар аралығында «Кентөбе» кен орнындағы «Өркен-Кентөбе» ЖШС-де учаскелік маркшейдер қызметін атқарды.

2020 жылы «Металлургия (геотехника)» мамандығы бойынша магистрлік диссертациясын қорғады.

2021 жылдан бастап «ЖКБК» АҚ Жәйрем кен орнындағы жетекші инженер-геотехник қызметін атқарды.

2023 жылдан бастап «Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру» кафедрасының штаттан тыс аға оқытушысы қызметін атқарып келеді. Қазіргі уақытта ПҚКӨ кафедрасының 8D07202 – «Тау-кен ісі» білім беру бағдарламасы бойынша докторант.

Тағылымдамадан өту орны – И.Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университеті, Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы.

2023–2025 жылдарға арналған жас ғалымдардың ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларын қаржыландыру шеңберіндегі «Карьерлердің тиімділігін арттыру мақсатында кемер тұрақтылығына теріс әсерді барынша азайту үшін арнайы бұрғылау-жару жұмыстарының параметрлерін зерттеу және негіздеу» тақырыбы бойынша жобаның жауапты орындаушысы.

10-нан астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде:

- Q3 квартиліне кіретін Scopus (Elsevier) базасында Citescore-да индекстелген диссертация тақырыбының ғылыми бағыты бойынша рецензияланатын ғылыми басылымдарда 3 (үш) мақала; ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдарда 2 (екі) мақала және Ұлттық зияткерлік меншік институтындағы пайдалы модельге 1 (бір) патент, халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар жинақтарындағы 3 (үш) мақала.

«IBIS User Basic Specialist» cертификаттықкурсынтәмамдады.

«Trimble S9 электрондытахемоетрыжәне Trimble 4D Control бағдарламалыққұралыменжұмысістеу»cертификаттықкурсынтәмамдады.

«Ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару және ұшудан кейінгі мәліметтерді арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуде өңдеу негіздері» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсын тәмамдады.

«Application of Rocscience Software to the Design and Analysis of Open Pits» cертификаттық курсын тәмамдады.

«Leapfrog GEO бағдарламалық жасақтамасымен жұмыс істеу» cертификаттық курсын тәмамдады.

«Pix4Dmapper негіздері және егжей-тегжейлі Pix4Dmapper» cертификаттық курсын тәмамдады.