1992 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін үздік дипломмен бітірді. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде 1992 жылдан бастап жұмыс істейді. 2010 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады.
Бірнеше ғылыми мақалалар жариялады, оқу құралдарының, электронды оқулықтардың, әдістемелік нұсқаулықтардың, монографияның авторы.
Scopus және Web of Science дерекқорларында индекстелетін басылымдарға бірнеше мақаласы жарияланды.
2021-2023 жылдары гранттық қаржыландыру шеңберінде “Латынграфикалы “Qazaq tili” В1, В2 деңгейлеріне арналған web оқулықтарын инновациялық технологиялар арқалы әзірлеу (Жоғары оқу орнындағы білім беруге арналған)” ғылыми-зерттеу жобасына ғылыми жетекші болды.
Қарағанды әкімшілігінен, Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасынан, университет тарапынан алғыс хаттары бар.
Н.Т. Нығметованың жетекшілігімен бірнеше студент қалалық, облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Тіл саясатын дамытуға қосқан ерекше үлесі және тілді дамыту саласының қызметіне белсенді қатысқаны үшін «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен және куәлігімен марапатталды.