Техника мен ғылым саласындағы Қазақ ССР Министрлер Кеңесі Премиясының Лауреаты, техника ғылымдарының докторы, профессор. ҚарПТИ бітіргеннен кейін «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасында қалып, инженерден профессорға дейін жолды өтті, кафедра меңгерушісі болып жұмыс істеді (1998-2008). 2008 жылдың наурызынан 2009 жылдың қаңтарына дейін – ҚарМТУ ғылыми жұмыс пен халықаралық байланыстар бойынша проректор. 2009 жылдың қаңтарынан бастап 2017 ж. дейін – ҚарМТУ Маркшейдерлік іс және геодезия кафедрасының меңгерушісі. Маркшейдерия және геодезия, пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық қазудың геомеханикасы саласындағы маман. 120-дан астам баспа еңбектерінің авторы, соның ішінде үш монография, он брошюра мен авторлық куәліктер. КСРО ХШЖК күміс медалімен (1988ж.), ғылым және техника облысындағы Қазақ ССР Министрлер Кеңесі премиясымен (1989ж.), ҚР БҒМ Мақтау қағазымен (2003ж.), «ҚР ғылымының дамуына сіңірген еңбегі үшін» ҚР БҒМ кеуде белгісімен (2007ж.) марапатталған. «Жыл инженері» атағы берілді (1990ж.). «ЖОО үздік оқытушысы» грантымен атап өтілді.
Жер асты тау-кен жұмыстарындағы маркшейдерлік іс
Маркшейдерское дело при открытой разработке месторождений полезных ископаемых
Геоинформационные системы в геодезии и картографии
Организация научных исследований
Определение потерь и разубоживания сложноструктурных месторождений
Исследование напряженного состояния массива при взрывной отбойке в приконтурной зоне
Исследование устойчивости откосов уступов и бортов карьеров при укреплении их смолами