Жол-көлік факультеті
Ғылыми дәрежесі: педагогика ғылымдарының магистрі
Қызыметі: қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы
2007 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекетік университетін «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша бітірді. 2012 жылы «МГТИ-Лингва» Орталық Қазақстан университетінің «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша магистратурасын бітірді. «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі.
2007 жылдан бастап қазақ тілі және мәдениет кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істейді. «Қазақ тілі», «Кәсіби қазақ тілі» семинар сабақтарын жүргізеді.
Жарияланған 70-тан астам еңбектің, оның ішінде 6 монография авторларының бірі(қазақ тілінде – 4, ағылшын тілінде -1, орыс тілінде -1), 16 оқу құралының, 10 электрондық оқулықтың, 2 оқу-әдістемелік құралдың авторы. Авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – 15.
Қарағанды облысы бойынша тілдерді дамыту басқармасының алғыс хаты, Құрмет грамотасы, Алғыс хаты бар.
2024 жылы жоғары білім қызметкерлерінің жаңа кәсіби мерекесіне орай тіл саясаты саласын дамытуға, қазақ тілін қолдану аясын кеңейтуге қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің «Тіл жанашыры» құрметті дипломымен марапатталды.
2024 ж. Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығы ұйымдастырған «Мемлекеттік тілді оқыту үдерісі және сандық технология» тақырыбында облыстық семинардың өтуіне үлес қосқаны үшін алғыс хатпен, сертификатпен марапатталды.
Біліктілікті көтері курстары:
2018 жылы «Жаңа қазақ әліпбиі және графика мәселелері» атты реупсбликалық семинарға қатысып, сертификат (18 сағат) алды.
2019 жылы «Филолог емес мамандарға әдебиет пен мәдениетті оқу не береді» семинарына қатысты (72 сағат).
2021 жылы «Педагогикалық шеберлікті жетілдіру» біліктілікті арттыру курсына қатысты (40 сағат).
2023 жылы «Қазақ тілін (Т2) креативті оқыту» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсын өтті (72 сағат).
2023 жылы (ЖОО оқытушысының ғылыми-педагогикалық қызметіндегі пәнаралық ынтымақтастық» 36 сағаттық біліктілігін арттыру курсын өтті.
2023 жылы «Академин Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ «Тіл мәдениеті мәселелері және қазақ тілін оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері» біліктілікті арттыру курсын өтті (72 сағат).
2024 жылы «Қарағанды облысында мемлекеттік-конфессиялық саясат, конфессиялық келісімді және діни экстремизмнің алдын алуды қатмасаыз ету мәселелері» бойынша оқыту семинарына қатысып, сертификат алды.
2024 жылы «Студенттік ортадағы этносаралық келеңсіздіктердің алдын алу» тақырыбына біліктілікті арттыру курсын өтті (72 сағат).
2024 жылы ҚР ҒЖЖБМ Тіл саясаты комитеті «Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл қазына» ҰҒПО КЕАҚ ұйымдастырған «Қазақ тілін технологиялар арқылы оқыту мәселелері: теориядан тәжірибеге дейін» республикалық семинарға қатысып, сертификат алды.
2024 жылы «Стартапқа апаратын жол: идеядан сәтті іске қосуға дейін» біліктілікті жоғарылату курсын өтті.
Жаппай ашық онлайн курсын әзірледі:
- Қазақ тілі В2 деңгейі. Сертификат №8634. 13.04.2021 ж. (авторлары: Хасен М.А., Хамзина К.М., Нуржанова К.К.).
- Кәсіби қазақ тілі (6В07202 – «Тау-кен»). Сертификат №9143. 07.11.2022 ж. (авторлары: Хамзина К.М., Нуржанова К.К., Конурова Н.А.).
- «Қазақ тілі» (В1) орта деңгейі 1-семестр. Сертификат № 9401. 30.06.2023. (авторлары: Нуржанова К.К., Хамзина К.М., Сагатова Г.К.).
- «Қазақ тілі» базалық деңгей (В1) 2-семестр. Барлық білім беру бағдарламаларына арналған. Сертификат № 9657 27.09.2024. (авторлары: Нуржанова К.К., Хамзина К.М., Сагатова Г.К.).
- «Қазақ тілі» (Кәсіби) Магистратураның барлық білім беру бағдарламаларына арналған. Сертификат №9643 20.09.2024. (авторлары: Аширбекова А.Б., Хамзина К.М. Нуржанова К.К.).