Ғылыми дәрежесі: техникалық ғылымдар магистрі.
Лауазымы: аға оқытушы.
2011 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша үздік бітірді.
2022 жылы «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша магистрлік диссертациясын қорғады.
Университетті бітіргеннен кейін 2011–2014 жылдар аралығында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің «Ақбастау» карьерінде тау-кен шебері болып жұмыс істеді.
2014–2019 жылдар аралығында «ПромТехнология» кен өндіру компаниясы» ЖШС-де технолог инженер лауазымында жұмыс істеді.
2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Альянс Недрапроект» ЖШС-де бас технолог лауазымын атқарады.
Келесі жобалардың бірлескен авторы:
- «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ШДУ Ленин атындағы шахтасының Д6 қабатының ашық тау-кен жұмыстары учаскесінде көмір қорларын өңдеу жобасы;
- «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Саран шахтасының К12 қабатының ашық тау-кен жұмыстары учаскесінде көмір қорларын өңдеу жобасы;
- Майкүбен көмір бассейніндегі Шоптыколь көмір кен орнын өнеркәсіптік игеру үшін 2020–2042 жылдарға арналған тау-кен жұмыстары жоспары. Түзету;
- Қарағанды облысындағы Жоғарғы Соқыр кен орнындағы «Қүмісқұдық» тілігінде қоңыр көмірді өнеркәсіптік игеру үшін тау-кен жұмыстары жоспары. Түзету;
- «Жалын» тілігінің шекарасындағы таскөмір кен орнын өнеркәсіптік игеру үшін тау-кен жұмыстары жоспары. Түзету;
- Қарағанды көмір бассейнінің Шерубай-Нұра көмірлі ауданындағы 9-бис шахта алаңының К7 көмір қабатын ашық әдіспен игеру үшін көмір өндіру жұмыстарының жоспары;
- Ақтөбе облысындағы М-41-28 (10д-5б-25); M-41-28 (10е-5а-21,22,23); M-41-28 (10е-5в-2,3) блоктары шегінде қатты пайдалы қазбаларды барлау жоспары. ІІ-кітап. Тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру;
- Шығыс Қазақстан облысындағы Кузинское кен басқармасының М-44-44-(10е-5в-6,7,8) блоктарында қатты пайдалы қазбаларды барлау жоспары. ІІ-кітап. Тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру;
- 2020–2025 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы Глинковское темір кен орнына жататын М-44-44-(10е-5в-4,5,9,10) блоктары шегінде қатты пайдалы қазбаларды барлау жоспары. 2-кітап. Тәжірибелік-өнеркәсіптік өңдеу және т.б.
2022 жылы «Көктасжал» кен орнында «Алтай Полиметаллы» ЖШС-де тау-кен жұмыстарын жоспарлау бойынша жетекші инженер қызметін атқарды.
2022 жылдан бастап «Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарып келеді. Қазіргі уақытта ПҚКӨ кафедрасының 8D07202 – «Тау-кен ісі» білім беру бағдарламасы бойынша докторант.
Тағылымдамадан өту орны – Эскишехир Османгазы университеті, Түркия, Эскишехир қаласы.
2023–2025 жылдарға арналған жас ғалымдардың ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларын қаржыландыру шеңберіндегі «Карьерлердің тиімділігін арттыру мақсатында кемер тұрақтылығына теріс әсерді барынша азайту үшін арнайы бұрғылау-жару жұмыстарының параметрлерін зерттеу және негіздеу» тақырыбы бойынша жобаның жауапты орындаушысы.
10-нан астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде:
- ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған 2 мақала, 1 пайдалы модельге патент және авторлық құқық объектісіне 1 мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.
Geovia Dassault Systems Kazakhstan LLP ұйымында «GEOVIA Surpac Engineering Course» (GEOVIA Surpac инженерлік курсы) cертификаттық курсын тәмамдады.
«МАЙКРОМАЙН Орталық Азия» ЖШС-де «ГГИС Micromine» cертификаттық курсын тәмамдады.
«KazakhEngineering» ЖШС-де «Advanced course. Introduction to ANSYS LS-DYNA ACT» («ANSYS LS-DYNA ACT-ке кіріспе» бойынша жетілдірілген курс) cертификаттық курсын тәмамдады.
Arizona State University ұйымында «Business English: Management and Leadership» («Іскерлік ағылшын: басқару және көшбасшылық») cертификаттық курсын тәмамдады.
«МИСИС» ұлттық зерттеу технологиялық университетінде «Тау-кен жұмыстарын геомеханикалық сүйемелдеу және заманауи бағдарламалық шешімдерді пайдалана отырып тау-кен технологиялық процестерді модельдеу» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсын тәмамдады.
«МИСИС» ұлттық зерттеу технологиялық университетінде «Кен өндіруші кәсіпорындардың өндірістік процестерін цифрландыру » тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсын тәмамдады.