Муллагалиев Фандус Ахматгалиевич

59018690-94e6-4817-a591-0f60e5092d5e

Т.А.Ә.:Муллагалиев Фандус Ахматгалиевич

Ғылыми дәрежесі: техника ғылымдарының кандидаты
Лауазымы:
аға оқытушы

1958 жылы 11 мамырда Башқұртстан Республикасы Туймазин ауданына қарасты Туймазы қаласында дүниеге келген.

1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын «Пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу мен барлаудың геофизикалық әдістері» мамандығы бойынша бітіріп, тау-кен инженері-геофизик біліктілігі берілді.

Университетті бітіргеннен кейін 1984-1986 жылдары Қарағанды көмір ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.

1994 жылы Мәскеу мемлекеттік тау-кен университетін бітірген. 1994 жылы кандидаттық диссертация қорғау нәтижесі бойынша техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.

1986 жылдан 2007 жылға дейін – «Карагандауголь» көмір департаменті учаскесінің (бұдан әрі – «Испат-Кармет» ААҚ, «Миттал-Стил Теміртау» көмір департаменті АҚ), «Спецшахтомонтаждегазация» дирекциясының бастығы.

2007 жылдан бастап өңдеуші кәсіпорындарда басшылық қызметтерді атқарды.

2010-2014 жылдары – «ЖСС» ЖШС директорының өндіріс жөніндегі орынбасары. Ұйымның қызметі: Ұңғымаларды бұрғылау, көмір қабаттарын гидравликалық жару, ұңғымаларды игеру.

2014-2017 жылдары – «Индустриалды Энергия Альянсы» ЖШС директорының өндіріс жөніндегі орынбасары. Ұйымның қызметі: Ұңғымаларды бұрғылау, көмір қабаттарын гидравликалық жару, ұңғымаларды игеру.

2018 жылдан – «Индустриалды Энергия Альянсы» ЖШС директорының өндіріс жөніндегі орынбасары. Ұйымның қызметі: Ұңғымаларды бұрғылау, көмір қабаттарын гидравликалық жару, ұңғымаларды игеру.

2017 жылдан бері «Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру» кафедрасының аға оқытушысы.

Рейтингі жоғары журналдарда жарияланған 15 (он бес) астам ғылыми мақалалардың авторы.