Инженерлік экономика және менеджмент факультеті
Ғылыми дәрежесі-әулеметтану ғылымдарының кандидаты
Ғылыми атағы – доцент
Лаузымы – ҚХА және ӘГП кафедрасының доценті
Матвеенкова Людмила Геннадьевна – социология ғылымдарының кандидаты, ҚарМТУ-дың әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры.
Павлодар облысында 1955 жылы дүниеге келді. 1972 жылы Павлодар облысының Качир ауданының Береговая орта орта мектебін алтын медальмен бітірді. Осы жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дың тарих факультетіне оқуға түсіп, 1972 жылы «Тарих. Тарих және қоғамтану мұғалімі» мамандығын үздік бітіріп шықты.
Қарағанды, Алматы,Павлодар қалаларындағы мектептерде тарих мұғалімі қызметін атқарды. 1983-1984 жылдар аралығында Қарағанды Мемлекеттік медицина институтында қоғамтану пәнінен мұғалім болып жұмыс істеді. 1985 жылдың қантарынан бастап ҚарМТУ-да әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі болды. Қазіргі уақытта ҚарМТУ-дың әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры.
1993 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМУ -да 22.00.05 шифры бойынша «Әлеуметтану саясаты» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. 1996 жылы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы ЖАК қаулысымен «Әлеуметтану» мамандығының доцент атағы берілді.
Қазіргі уақытта саясаттану, әлеуметтану пәндерінен дәріс оқиды. 50 мақаланың, монографияның бірнеше электрондық оқулықтың, оқу жұмыс бағдарламасының , әдістемелік нұсқаудың авторы.
Қазіргі таңда ғылыми зерттеудің бағыты – студент жастардың саяси мәдениетінің және саяси социализациясының қалыптасуы.
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде қызмет еткен уақытында алғыс хатпен, грамоталармен мадақталды.
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы әкімінің грамотасымен, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медалімен марапатталды.
Жұмыс телефоны 565932
Ішкі телефон 2052
Электрондық пошта matveenkova_soz@mail.ru
Ғылыми еңбектері
Список научных и методических работ Матвеенковой Л 2011-2014
https://studopedia.org/12-13124.html
http://referatwork.ru/category/sotsiologiya/view/429596_matveenkova_l_g