Матаев Азамат Қалижанұлы

4
image-1

Т.А.Ә.:Матаев Азамат Қалижанұлы
Ғылыми
дәрежесі:PhDдокторы
Лауазымы:
доцентм.а.

1993 жылы 29 қарашада Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауылында дүниеге келген.

2015 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін «5В070700 – Тау-кен ісі» мамандығы бойынша бітірді.

2017 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінде «6М070700 – Тау-кен ісі» мамандығы бойынша магистратураны аяқтады.

Оқуды тәмамдаған соң, 2017 жылғы 2 қыркүйектен 2018 жылғы 31 тамызға дейін Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасында қызмет атқарды.

2018 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне (Бірінші Президент атындағы жоғары оқу орны) «6D070700 – Тау-кен ісі» мамандығы бойынша докторантураға оқуға түсті.

Докторлық диссертациясының тақырыбы:
«Хромтау кен орнының тұрақсыз массивтері жағдайында дайындық қазбаларын бекіту технологиясын таңдау және негіздеу».

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды техникалық университетінің (Әбілқас Сағынов атындағы) Тау-кен факультетінің «Пайдалы қазбалар кен орындарын өндіру» кафедрасында жұмыс істейді.

2022 жылы «Хромтау кен орнының тұрақсыз массивтері жағдайында дайындық қазбаларын бекіту технологиясын таңдау және негіздеу» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.

Ғылыми-зерттеу бағыты:

Тазарту камералары мен целиктер параметрлерін есептеу үшін технологиялық регламенттерді әзірлеу;

Көлденең тау-кен қазбаларын бекіту әдістерін жетілдіру;

Аз қуатты кен денелерін өндіру кезінде қолданылатын технологиялық процестерді оңтайландыру;

Өндіріс тиімділігіне әсер ететін әртүрлі факторларды зерттеу және тау-кен құрылымдарының орнықтылығын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Геотехникалық зерттеулер және аз қуатты кен орындарын игеру кезінде бұрғылап-жару жұмыстарын оңтайландыру бойынша ғылыми-техникалық және өндірістік тәжірибесі бар.

Ғылыми жетекшілік ететін гранттық жобалары:

«Жас ғалым» жобасы (2022-2024 жж.) – «Орнықсыз массивтер күйіндегі геомеханикалық жағдайды зерттеп дайындық қазбаларды бекіту технологиясын таңдау және негіздеу» (ИРН AP14972815).

2025-2027 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жобасы – «Кеннің шығыны мен құнарсыздануын азайтуға бағытталған қуаттылығы аз алтын кенорындарын тиімді игеру үшін технологиялық шешімдерді геомеханикалық негіздеу» (AP27511129).