Кузнецов Сергей Борисович

кузнецов
image-1

Педагогика ғылымының кандидаты. Аға оқытушы. Әскери артиллерияны қолдану циклінің басшысы – Қарағанды Мемлекеттік техникалық университінің әскери кафедрасының аға оқытушысы, подполковник, педагогика ғылымының кандидаты.

1998- 2001 жылдар аралығында Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінде «Құрылыс материалдарды өндіруші технологиясы» мамандығы бойынша асприантурасын бітіріп шықты. 2008 жылдың мамыр айында «”Инновациялық технологияларды пайдалану негiзiнде жоғарғы оқу орындарында запас офицерлерін дайындау сапасын жоғарлату” тақырыбында кандидаттық диссертациясы қорғалды. Ғылыми қызмет саласы – кәсiби бiлiм беру педагогикасы. 2007 жылы Астана қаласында «Әскери кафедралардың оқытушыларының біліктілігін жетілдіру әскерден тыс дайындық курстары», «Жаңадан қазақ тілін үйрену курстары», «Оқушыларды тестілеу әдіс-тәсілдері» біліктілікті арттыру курстарын жетіп меңгерді. «Жұмсақ жердің топырағына іргетасты қатайтып салу» патентінің серіктес авторы. Кәсiби әскери педагогика бойынша диссертацияларды қорғауда оппонент болып жұмылдырылды, әскери білім беру ісін реформалау жөнінде ДВОН жұмыскерлер тобының мүшесі болды. Артиллерияның запастағы офицерлерін дайындау саласында«Астана» аймақтық басқару және Қарағанды горнизондық басқару қолбасшысының мадақтау қағаздарымен марапатталды. РВиА қолбасшысынан алғыс жарияланды.

Жеке дара және серіктес авторлықпен ресми түрде, ғылыми кеңеспен мақұлданған 120 данадан келесі оқу көрнекті құралдары жарық көрді: «Несиелік оқыту жүйесінде әскери кафедраның педагогикалық процесін ұйымдастыру», «Әскери техникалық дайындық», «Тактикалық арнаулы дайындық», «Ату және атысты басқару», «Ату және атысты басқару дәптершесі», «Әскери топография», «Командалық-штабтық көліктер» 1,2,3 бөлімдері, «Артиллерияны әскери қолдану». Көбі қазақшаға аударылған.

«ВУС-030402 электрондық бағдарламасының нормативтерін өтеу» және «ВУС-030402 электрондық бағдарламасымен офицерлерді дайындау» жөнінде электрондық бағдарламаларға зияткерлiк меншiк туралы Әдiлет министрлiгiнiң куәлiктерi бар. «ВУС-030402 бағдарламасы бойынша әскери кафедралардың запастағы офицерлерін дайындау», «АӘД оқытушы» мамандығының саптық дайындығы» тәртібі бойынша оқу бағдарламалардың, силлабустар және оқыту-әдістемелік құралдардың авторы. 5 халықаралық, 4 республикалық, 2 аймақтық ғылыми конференцияларда баяндама жасады. Білім және ғылым министрлігімен мақұлданған ғылыми жинақта 4 мақаласы бар. 8 куәландырылған видео және слайд түріндегі дәрістердің, 8 электрондық кітаптардың авторы.

«Топографиялық альбом», «ПАБ 2А құрылғысы және артиллериялардың материалдық бөлімі туралы альбом» атты оқу үлестірмелі материалдардың серіктес авторы. «Әскери топография»(2-бөлімді), «РХБ қаруы және одан қорғану»(5-бөлімді), «АРГ жұмысы», «ПОУ Д-30 тексеру», «Буссольді бағдарлау», «2A36 механизмі және жұмыс бөлшектері», «РГМ-2 жарылғышының әрекеті», «КНП-мен командаға атыс жүргізу» атты оқыту бейнефильмдерін және анимациялық роликтерді жасады.