Факультет: Энергетика, автоматика және телебайланыс
Академиялық дәрежесі: техника ғылымдарының магистрі
Лауазымы: аға оқытушы
Өмірбаяны: 07.11.1971 жылы туған. 1994 жылы Е.А. Бөкетова атындағы Қарағанды мемлекеттік Университетінің, физика-техникалық факультетін, жылу физика кафедрасы бойынша мамандандырумен бітірген.Еңбек жолын 1994 жылы Қарағанды тау-кен техникумында техникалық пәндер кафедрасында оқытушы ретінде бастады. 1995 жылы ҚарПИ-не АЕТ кафедрасына ауысып, оқытушылық қызметін жалғастырды. 1996-2000 жж. АӨТ кафедрасының аспиранты (күндізгі аспирантура) болды.
Диссертациялық жұмыстың тақырыбы: «Металлургиялық процестердегі жылу масса алмасудың сызықтық емес модельдерін шешудің итерациялық әдістері». 2000 жылдан 2016 жылға дейін Қарағанды техникалық Университетінің «Аспап жасау» кафедрасында оқытушы, аға оқытушы лауазымдарында жұмыс істеді. 2016 жылдан 2018 жылға дейін Е.А. Бөкетова атындағы ҚарМУ-де магистратураны 6М072300– Техникалық физика мамандығы бойынша бітірді.
2018 жылдан 2021 жылға дейін Қарағанды техникалық университетінде «Аспап жасау» кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеді. 2021 жылдан ЭЖ кафедрасының аға оқытушысы. Жұмыс барысында 5В071600 «Аспап жасау» мамандығы үшін оқу-әдістемелік кешендер (ОӘК, дәрістер, зертханалық және тәжірибелік жұмыстарды, курстық жобаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар, емтихан сұрақтары мен тапсырмалары) әзірленді.
Какимова К.Ш. еңбек жолында оқылатын пәндер бойынша оқу құралдары мен электрондық оқулықтарына зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу туралы 8-ден астам куәлігі бар. 30-дан астам мақалалар мен тезистер жарық көрді, мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерінде 15 оқу құралы жарық көрді. Халықаралық https://znanio.ru білім беру порталында «Theory and calculation of turbulent ventilation jets and some practical problems of heat and mass exchange and combustion» атты монографиясы бар.
Ғылыми-педагогикалық өтілімі-25 жыл.
Жұмыс телефон: 56-75-98
Ішкі телефон: 1027
Электрондық почтаадресі: k.kakimova1971@mail.ru