Исабек Тұяқ Көпейұлы

Рисунок1

Тау-кен факультеті

Ғылыми дәрежесі: техника ғылымдарының докторы

Ғылыми атағы: профессор

Лауазымы: профессор

ӨМІРБАЯНЫ

Исабек тұяқ Көпейұлы 1950 жылы 29 наурызда Қарағанды қаласында дүниеге келген.

1967 жылы Қарағанды облысы Нұра ауданы Черниговский (Қазіргі Көбетей) ауылында орысша орта мектепті оқып, бітірген.

1967-1972 жылдары Қарағанды политехникалық институтында “Пайдалы қазбалар кен орындарын жерасты игеру технологиясы және механикаландыру” мамандығы бойынша оқыды, тау-кен инженері. 1972-1974 жылдары Кеңес Армиясында дивизиондық артиллерия офицері ретінде қызмет етті: атыс взводының командирі, батареяның аға офицері, батарея командирі, аға лейтенант дәрежесінде демобилизацияланды. 1974-1977 жылдары”Қарағандыкөмір” ӨБ “Западная”шахтасында жерасты кен мастері, учаске бастығының орынбасары.

1977 жылдан бүгінгі күнге дейін Қарағанды техникалық университетінде (ҚарТУ). Аға инженер, кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкері, аспирант (1979-1981), ассистент, доцент (1997), профессор (2001 жылдан) баршасатыларынан өтті.

1985 жылы т.ғ. д., проф. Квон С. С. жетекшілігімен”Күрделі тау-кен-геологиялық жағдайлары бар қабаттардың жергілікті учаскелерін пысықтау технологиясын жетілдіру және тазарту қазбасының параметрлерін анықтау” (Қарағанды бассейні шахталарының мысалында) тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады, ал 1997 ж. – “Дайындық қазбаларды жүргізбестен қысқа тазарту кенжарларымен қабаттардың жергілікті учаскелерін пысықтау технологиясын құру” тақырыбы бойынша докторлық диссертация (ғылыми жетекшіҚР ҰҒА академигі, Социалистік Еңбек Ері Сағынов А. С.).

ҚарМТУ-да: тау-кен факультеті деканының орынбасары (2001), қысқартылған оқу мерзімде оқыту факультетінің деканы (2003-2004), тау-кен факультетінің деканы (2004-2008), А. С. Сағыноватындағы«Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру» кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды (2008-2017).

ҚарМТУ-дағы қоғамдық жұмыстары: Тау-кен факультеті кәсіподақ бюросының төрағасы (1993-2000), ҚарМТУ кәсіподақ комитетінің мүшесі (1993-2000), тұрғын үй комиссиясының мүшесі (1992-2000), даулар жөніндегі комиссияның төрағасы (1995-2004).

2005-2012 жж. ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау және аттестаттау комитетінің сараптамалық кеңесінің мүшесі, 2003-2005 жж. ҚарМТУ жанындағы докторлық және кандидаттық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің мүшесі, 2014 ж. Phd докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациякеңесінің төрағасының орынбасары, 2015 жылдан бері осы кеңестің төрағасы.

500-ден астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектердің авторы, оның ішінде 28 өнертабыстың, 23 ғылыми монографияның, 10 оқулықтың (3 қазақ тілде.), 22 оқу құралдың (8 қазақ тілінде.), 4 қазақ шежіре-кітаптарының және т.б. Негізгі еңбектері күрделі тау-кен-геологиялық жағдайда жатқан Қарағанды бассейнінің көмір қабаттарын игеру мәселесіне арналған.

Марапаттары мен атақтары: “Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі” төсбелгісі (1995); “ҚарМТУ еңбек сіңірген қызметкері” төсбелгісі (2007, 2021), “Жылдың үздік оқытушысы” ҚР БҒМ төсбелгісі мен сыйлығы (2008 және 2014), “Ерен еңбегі үшін” ҚарМТУ төсбелгісі (2013), “Қазақстан Республикасы ғылымын дамытудағы еңбегі үшін” ҚР БжҒМ төсбелгісі (2014), І, ІІ, ІІ дәрежелі “Шахтер даңқы” белгілерінің толық кавалері (2014-2016 жж.), ҚР Тау-кен ғылыми академиясының “Тау-кен ғылымының үздігі” құрметті белгісі (2016 ж.), “Ерен еңбегі үшін” үкіметтік медалі (2019); Нұра ауданының Құрметті азаматы (2019); ҚР “Bilim-orkenieti” ұлттық инновациялық ғылым-зерттеу орталығының “Қазақстан Республикасы Еңбек озаты” төсбелгісі (2023).

Құрметтелді: ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен (2001 ж.), Қарағанды облысы Кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасымен (2007), Балқаш қаласы әкімінің грамоталарымен (2009, 2012), Ресей Федерациясы Энергетика министрінің орынбасарының алғыс хаттарымен (2014, 2016, 2019), ҚР ЭМ көмір өнеркәсібі басқармасы басшысының Құрмет грамотасымен (2015), Қарағанды облысы әкімінің Алғыс хатымен (2016), ҚарМТУ ректоратының 10-нан астам грамотасымен.

Екі академияның: Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының және Қазақстан Республикасының Ұлттық тау-кен ғылымдары Академиясының толық мүшесі. Ұлттық тау-кен ғылымдары академиясының Қарағанды филиалының Академик-хатшысы (басшысы). “Ұлттық тау-кен ғылымдары академиясының хабаршысы” – “НАГН хабаршысы”Ғылыми-практикалық журналының редакциялық алқасының мүшесі,Қазақ терминологтары қауымдастығының мүшесі (2006 жылдан.)

E-mail: tyiak@mail.ru.