Иманов Марат Өмірбекұлы

Иманов
image-1

«Дизайн, сәулет және қолданбалы механика» кафедрасының меңгерушіcі

техника ғылымдарының кандидаты, доцент,

ҚарМТУ академиялық профессоры

Қазақстан Республикасының бiлiмiнiң құрметтi қызметкерi

Байланыс мәлiметтері:

Мекенжай: Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 56, бiрiншi ғимарат, 178-шi кабинет.

Қызмет  телефоны: 8(7212 ) 56-59-32 (ішкі 2070).

E — mail: alivek@mail.ru

Өмiрбаяндық мәлiметтер:

1966 жылдың 28 қыркүйегінде Қарағанды облысы, Жаңа-арқа ауданында жұмыскер жанұясында  дүниеге келдi.

Қазақстан республикасының азаматы.

1994 жылы Қарағанды политехникалық институтының инженерлік-құрылыс факультетінің 1207 «құрылыс бұйымдары мен конструкциялары өндірісі» мамандығын үздік бітірді.

1994 жылдың қыркүйегінен 1997 жылдың қыркүйегiне дейiн – «Құрылыс материалдары және бұйымдарының технологиясы» кафедрасының ассистентi.

1997ден 2000 жылға дейін студенттердi қазақ тілінде оқыту бойынша инженерлiк-құрылыс факультетінің деканының орынбасары қызметінде болды.

2000 жылдан 2008 жылға дейін  инженерлiк-құрылыс факультетi  деканының оқу ісі бойынша орынбасары болды.

2005 жылы 05.23.05 «Құрылыс материалдары және бұйымдары» мамандығы бойынша «Жаңартылған темiрбетон қадалардың технологиясы және қасиеттері» тақырыбы бойынша техника ғылымдарының кандидаты диссертациясын қорғады.

2008 жылдан сәулет — құрылыс факультетiнiң деканы.

2003 жылы ҚарМТУ 50 жылдығына орай ректордың мақтау қағазымен марапатталды., Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiнiң 16 жылдығына орай ҚарМТУ ректорының мақтау қағазы.  2008 жылы ҚарМТУ 55 жылдығына орай ректордың мақтау қағазымен марапаттаған.  2008 жылы Би Қазыбек  Би ауданының әкімі мақтау қағазымен марапатталған.