ТҮЙІН
Иманбаева Света Бакытовна
PhD, «Геология және пайдалы қазбалар кенорындарының барлау» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ
E-mail: s.imanbaeva1@ktu.edu.kz
• Білімі
- 1998 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітіріп, оқытушы біліктілігін алды.
- 2012 жылы 6М011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды (Орталық Қазақстан университеті «МГТИ-Лингва»).
- 2016 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша бітірді (бакалавр).
- 2018 жылы осы мамандық бойынша техника ғылымдарының магистрі дәрежесі берілді.
- 2020 жылы «Геология және пайдалы қазбалар кенорындарының барлау» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр дәрежесін алды.
- 2022 жылы «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ-та 8D07201 «Геология және пайдалы қазбалар кенорындарының барлау» білім беру бағдарламасы бойынша диссертация қорғап, философия докторы (PhD) дәрежесін алды.
• Еңбек қызметі
- 1998–2000 жж. — қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, Астана қ., Сауда-экономикалық колледжі.
- 2000–2016 жж. — қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы, ҚарМТУ.
- 2016–2019 жж. — Кеніш аэрологиясы және еңбекті қорғау кафедрасының аға оқытушысы.
- 2020–2024 жж. — «Геология және пайдалы қазбалар кенорындарының барлау» кафедрасының аға оқытушысы.
- 2025 жылдан қазіргі уақытқа дейін — «Геология және пайдалы қазбалар кенорындарының барлау» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ.
• Ғылыми қызығушылықтары
- пайдалы қазбалар кенорындарының геологиясы және барлау
- көмір қабаттарының газдылығы және дегазация әдістері
- көмір шахталарындағы газодинамикалық процестер
- тау-кен қазбаларының орнықтылығы
- Қазақстанның мұнай-газ бассейндері
- инженерлік-геологиялық зерттеулер
• Ғылыми және жарияланымдық қызметі
Халықаралық және республикалық басылымдардағы ғылыми еңбектердің авторы және бірлескен авторы.
Жарияланған:
- Scopus және Web of Science базаларына кіретін халықаралық рецензияланатын журналдардағы мақалалар
- ҚР ҒЖБМ КОКСОН ұсынған журналдардағы мақалалар
- халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар баяндамалары
- монографиялар, оқулықтар және оқу құралдары
- өнертабыстарға патенттер
Ғылыми жарияланымдары көмір қабаттарының газдылығы, газодинамикалық процестерді модельдеу, тау-кен қазбаларының орнықтылығы, Қазақстанның мұнай-газ жүйелері және геофизикалық зерттеулер мәселелеріне арналған.
• Біліктілікті арттыру және тағылымдамалар
- Навоий мемлекеттік тау-кен институтында ғылыми тағылымдама — 2022 ж.
Біліктілікті арттыру курстары:
- «Көмір қабаттары метанын барлау және өндіру технологиялары», 2022 ж.
- «Мұнай қабаттарын барлау және өндіру технологиялары», 2023 ж.
- «Академиялық процестегі жасанды интеллект» (72 сағат), сертификат халықаралық Plagiat.pl (StrikePlagiarism.com) платформасымен берілген.
- «Білім беру қызметінде заманауи IT-технологиялар және жасанды интеллектті қолдану» (72 сағат), «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ, 12–24 қаңтар 2026 ж.
- «ЖОО білім беру процесіндегі оқытудың интерактивті технологиялары» (36 сағат), «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ, 5–10 қаңтар 2026 ж.
• Жарияланымдық белсенділігі
Геология, тау-кен ісі және геофизика саласындағы халықаралық және республикалық журналдардағы ғылыми еңбектердің, оқу басылымдарының, монографиялар мен патенттердің авторы және бірлескен авторы.
Халықаралық ғылыми конференциялар мен жобаларға тұрақты түрде қатысады.
• Тілдерді білуі
• Қазақ тілі — ана тілі
• Орыс тілі — еркін
• Ағылшын тілі — Pre-Intermediate (сертификат бар)
