Есенбаев Салым Хусайнович

Газалиев Арстан Мауленович
image-1

Факультет: Энергетика, автоматика және теле байланыс факультеті

Ғылыми дәрежесі: техникалық ғылымдар кандидаты

Ғылыми атағы: доцент

Қызметі: доцент

Өмірбаяны: 1943 жылы 19 маусымда туған. ҚарПТИ-де 1969 жылы «Кен инженер-электрик» мамандығына ие болған. 1962-1969 жылдары шахтада жұмыс атқарған. 1969 ж. ӨПА кафедрасына күндізгі аспирантураға түскен. Оның ғылыми басқарушысы т.ғ.к., доцент В.Н. Аракелов болған. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер (ААЖ) кафедрасында ассистент болып істеген. 1975 жылы кандидаттық диссертацияны қорғады, 1980 жылы оған доценттік ғылыми атақ берілген. КЭМФ партбюро хатшысы, институт партбюро мүшесі, 1992 жылдан 2008 жылға дейін университет ғылыми кеңесінің хатшысы болып істеген. С.Х. Есенбаев 1992 жылы Ақпараттық-өлшеу техникасы кафедрасының меңгерушісі болып сайланды. Қазақстан Республикасы бойынша Приборлар жасау мамандығын оқу-әдістемелік қамтамасыздандыру жұмысында АӨТ кафедрасы басшы болып келеді. Приборлар жасау мамандық бағытында АӨТ кафедрасы 1986 жылдан бері тұлғаларды дайындап келе жатыр, ал Метрология және метрологиялық қамтамасыздандыру мамандығында – 1995 жылдан. С.Х. Есенбаевқа 2003 жылы «Еңбегі сіңген метролог» атағы берілді, ҚР БжҒ министрлігінің грамотасымен 2 рет марапатталды, ҚарМТУ еңбек сіңірген жұмыскері, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі.

Жұмыс телефоны: 56-75-98

Ішкі телефон: 2055

Электрондық почта адресі: esalim@bk.ru

Ғылыми еңбектері: Ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектерінің тізімі